НАУРЫЗ НАҚЫШЫ

73

0

НАУРЫЗ НАҚЫШЫҰлтымыздың ұлық мерекесі – Наурыз мейрамын облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің ұжымы да айрықша көңіл күймен қарсы алып,  «Армысың әз Наурыз!» атты мерекелік кеш өткізді.
Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесі барлық Шығыс халықтары, оның ішінде қазақ елі үшін әрқашанда қасиетті, киелі саналғаны белгілі. Халық ұғымында жылдың басы саналатын осы  мейрамға – Ұлыс күніне арналған мерекелік шараны облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Пазылбек Нәлібаев ашып, халықтың сүйікті мейрамына айналған әз Наурыздың тарихын тарқатып, жиналған қауымды аталған мерекемен құттықтаса, басқарма бастығының орынбасары полиция майоры Серік Елеусізұлы мінсіз қызметімен танылған бірқатар қызметкерлерге Ішкі істер министрінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатттарын тапсырды. Ал, мереке қонақтары Сәмит Далдабаев, Жарылқасын Шәріпов және Тұрғанбай Маханов сынды аймақ ардагерлері жаңа жылдың тілегін ақ батаға ұластырды. Ұжым қызметкерлерінің ұйымшылдығы мен бірлігін атап өтіп, басқарма басшылығына ризашылықтарын білдірді. 
Барлық аудандар мен Байқоңыр қаласынан келген полицейлер өз өнерлерін ортаға салды. Әсіресе, взвод полицейі Жанболат Тұрсынов (Байқоңыр қаласы), рота аға сержанттары Кенжебек Жұмабаев пен Нұртай Нұртазаев (Қазалы ауданы), Ақниет Балабеков (Арал ауданы) және батальон полицейі Қанат Оспанов мерекені әсем әнмен, тәтті күймен өрнектеді.
Жастарға сала ардагерлері бата бергеннен кейін мереке мәзірін облыстық филармонияның әртісі, Мәдениет қайраткері Үміт Медеуова жыр-термемен әдіптесе, жас әнші Айдана Нәукеева әннен шашу шашты.  
Серік ӘБУБӘКІРОВ,
басқарма бастығының орынбасары.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз