ӨНЕР ОРДАСЫНЫҢ ОНКҮНДІГІ

44

0

М.Әуезов
атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының Қызылорда қаласында
онкүндігі бас­талды. «Театр көктемі – 2014» фестивалі аясында ұйымдастырылып
жатқан бұл шара КСРО және Қа­зақ­станның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың
лау­реа­ты Сәбира Майқанованың 100 жылдығына арналуда. Театрдың директоры әрі
көркемдік жетекшісі Еркін Жуасбек бастаған ұжым бүгінде түрлі қойылымдарды Сыр
жұртшылығына ұсынуда. 11 мамырда өнер ұжымы У.Шекспирдің «Ромео мен
Джульеттасын» сахналады.

 

Шараның ашылу салтанатында облыс әкімінің
орынбасары Ақмарал Әлназарова сөз алып, ұлттық құндылықтарымызды сақтауда қара
шаңырақ аталып кеткен өнер ордасының орны бөлек екенін, қазақтың мемлекеттік М.Әуезов атындағы
академиялық драма театрының алғаш 1925 жылы сол кездегі астана Қызылорда
қаласында ұйымдастырылғанын үлкен мақтанышпен жеткізді. Сондай-ақ, өңірімізде
мәдениет саласының дамуына ерекше көңіл бөлініп, алдағы уақытта қала
орталығында жаңа театрдың бой көтеретіндігін де айтып өтті. Жаңа театрға Сәбира
Майқанованың есімі берілетін болады. Осындай келелі істердің жүзеге асатындығын
баса айтқан Ақмарал Шәріпбайқызы
академтеатрға Сыр елінің атынан алғысын білдіре отырып, Қазақстан және
КСРО-ның халық артисі Асанәлі Әшімовке күріштен өрілген Қорқыт атаның
картинасын табыс етті. Театрдың онкүндігі аясында өтіп жатқан шараға облыс
әкімі Қ.Көшербаев қатысып, қойылымды тамашалады.

Ежелден жау екі әулеттен шыққан қос ғашықтың
трагедиясын көруге келген жұрттың да қарасы көп болды. Өнер ұжымы жиналған
көпшілікке өз шеберліктерін көрсетіп, жоғары деңгейде орындап шықты. Ең
бастысы халықты рухани дүниемен
сусындатып, жақсы көңіл сыйлай білді.

 

Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз