ӨНЕРЛІ ӨҢІРДІҢ ӨРКЕНІ

123

0

ӨНЕРЛІ ӨҢІРДІҢ ӨРКЕНІ

Кеше Қызылорда қаласындағы Н.Бекежанов атындағы драма театрын­да Қармақшы
ауданының өнері мен мәдениет күндеріне арналған «Қасиетті Қармақшы” атты
мерекелік концерт өтті. Сыр өнерінде айшықты орынды еншілейтін өңірдің
концертін тамашалауға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев келді.

Күллі түркінің ортақ абызы – Қорқыт ата қобыз сарынымен сар даланы тербеген
Қармақшы топырағы әрдайым қазақ баласы үшін қасиетті мекен саналады. Киелі аймақта тылсым күшімен тәмам елді
таңғалдырған Ер Сейітпенбет, Қарақ, Қалқай, Марал баба, көсемдер көшімен асыл
текті қанымен көптің шынайы ықыласына бөленген Алдашбай, Әліби, Ораз, Жәрімбет
секілді әулиелер мекен еткен. Адамзат баласы тарихында ғарыш әлеміне тұңғыш
мәрте жол салған Байқоңыр да осы ауданның аумағына орын тепкен. Сондай-ақ, жыр
дестелеген жүз жырауы бар Қармақшыда Кете Жүсіп, Дүр Оңғар, Шораяқтың Омары,
Жиенбай секілді сүлейлер ел-жұрттың әрдайым мақтанышы саналады. Әйгілі «Шахнамаға” қазақша тіл бітірген
Тұрмағанбет те осы киелі топырақтың перзенті.

Концерттік бағдарлама аудан өнерпаздары «Қорқыт баба” әнімен түріліп,
жұртшылықтың жылы ықыласына бөленді. Одан кейінгі кезекте Бидас Рүстембеков,
Болат Баймұратов, Айгерім Ешбаева, Балтабай Бедебаев, Серік Жақсығұлов жырдан
шашу шашса, «Ақмарал” бишілер тобы «Қазақ биін” тарту етті. Сондай-ақ,
Ж.Дәулетов «Киелі ел”, О.Өткелбаев пен М.Бағатов «Киелі мекен – Қармақшы” және
өзге де әндер елдің назарына ұсынылды. Өнер кешін тамашалаған көпшілік оларға жоғары
бағасын берді.

 

Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз