ҚОҒАМ ҚҰПТАҒАН ҚАДАМ

42

0

Үкіметті жасақтау – әлемдік күрделі кезеңдегі превентивті қадам. Бұл
туралы кеше ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен
брифинг барысында сарапшы, заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Бәшімов
хабарлады, деп жазады BNews.kz

Үкіметтің кеңейтілген оты­рысында айтылған шешім­­дердің қисыны бар,
мақсат-міндеттер айқын белгіленді,-дейді про­фес­сор. – Көптеген сарап­шы­лардың
айтуынша, қалып­тасып отыр­ған геосаяси жағдай ойландырады, әлемдік эко­номикалық
дағдарыстың салдары әлі анық емес, бұл орайда Үкімет алдағы уақытта
мемлекетіміз бастан кешуі мүмкін жағдайға алдын ала дайындалып жатыр. Сондықтан
міндеттерді стратегиялық тұрғыда қою керек. Үкіметтің кеңейтілген отырысында
Президент атап көрсеткендей, ми­нистр­ліктердің қайта құры­луы осы стратегиялық
жоспармен байланысты.

Оның пікірінше, Үкі­меттің биылғы жылдың алты айында атқарған жұмысының
нәтижесі көңіл көншітерлік.

Сарапшы Үкіметтің бірін­ші жартыжылдықта эко­но­микалық өсім қарқынының
төмендеуіне жол бермегенін баса айтты. Бұл өте маңызды. Ол өз пікірін:

Алдағы екі-үш жылда Үкімет
алдында үлкен міндеттер тұр. Еуразиялық экономикалық одақ аясында ауқымды
жұмыстар жасау керек. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру, бюджеттік бақылау
бағытында көп шаруа тындыру қажет. Мемлекет басшысы бюджеттік қаражатты
пайдалануды бақылауға үлкен көңіл бөлуді үнемі айтып отырады. Сондай-ақ, тиімді
мемлекеттік басқаруды құрудың да маңызы айрық­ша, -деп түйіндеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз