ОБЛЫС ӘКІМІ ТӨРАҒАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

65

0

Сәрсенбі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Еуразиялық банк» АҚ Басқарма төрағасы Майкл Эгглтонды қабылдады. 
Аймақ басшысы мәртебелі мейманға өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жүзеге асырылып жатқан жобаларды инвестициялау мүмкіндігін таныстырып өтті. Кездесуде Сыр өңірінің инвесторлар үшін қолайлы ортаға айналып келе жатқаны да айтылды. 
Өз кезегінде банктің басқарма төрағасы облыс әкіміне үстіміздегі жылдың 13-14 қарашасында екінші мәрте өтетін «Байқоңыр» инвестициялық форумына шақырғаны үшін алғыс сезімін жеткізді. 
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз