ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЕЛ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕБІ

32

0

Қазақстан Республикасының Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығына сәйкес, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаев 2014 жылғы 19 ақпанда сағат 11.00-де Н.Бекежанов атындағы драма театрда халық алдында есеп береді.
Халықтың ұсыныстары, ескертулері мен пікірлері үшін арнайы жәшіктер төмендегі мекен-жайларда орналастырылған:
Арал ауданы бойынша: аудан әкімдігі ғимараты, автобекет ғимараты, аудандық мәдениет үйі, халыққа қызмет көрсету орталығы, Арал қаласы әкімі аппаратының ғимараты, аудан бойынша салық басқармасы ғимараты.
Қазалы ауданы бойынша: теміржол вокзалы ғимараты, «Талап» автостанциясы, «Ырыс Болашақ» базары, «Қазпошта» АҚ аудандық филиалы, халыққа қызмет көрсету орталығы, Әйтеке би кенті әкімі аппаратының ғимараты, Қазалы қаласы әкімі аппаратының ғимараты, қалалық мәдениет үйі.
Қармақшы ауданы бойынша: Жосалы кенті әкімі аппаратының ғимараты, вокзал ғимараты, «Халық банкі» АҚ аудандық филиалы, «Қазпошта» АҚ аудандық филиалы. 
Жалағаш ауданы бойынша: аудан әкімдігі  ғимараты, аудандық мәдениет үйі, халыққа қызмет көрсету орталығы. 
Сырдария ауданы бойынша: аудан әкімдігі ғимараты, аудандық мәдениет Үйі, аудандық орталық аурухана, Сырдария аграрлы-техникалық колледжі, Тереңөзек кенті әкімі аппаратының ғимараты.
Шиелі ауданы бойынша: аудан әкімдігі ғимараты, темір жол вокзалы ғимараты, автовокзал ғимараты, «Халық банкі» АҚ аудандық филиалы, халыққа қызмет көрсету орталығы.
Жаңақорған ауданы бойынша: аудан әкімдігі ғимараты, халыққа қызмет көрсету орталығы.
Қызылорда қаласы бойынша: темір жол вокзалы ғимараты, «Сырдария» сауда үйі, «Айт-Бек» базары, «Жайна» базары, «Асбол» базары, «Универсам» сауда үйі,  автовокзал ғимараты, Титов қыстағы М.Ералиева атындағы мәдениет үйі, «SMАLL» сауда үйі, Әуежай ғимараты.
Ескертпе: Сонымен қатар, Қызылорда қаласы мен барлық аудандардағы кент, ауылдық округ әкім аппараты немесе ауылдық клуб ғимараттарында жәшіктер орналастырылған. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз