ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

36

0

Ақпараттық кеңістікте жаңа бастама!
Осы жылдың қаңтар айынан бастап «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жанынан құрылған Қызылорда облыстық коммуникациялар орталығы қызметіне кіріседі. 
Мақсат – жергілікті атқару органдары қызметінің ашықтығын арттыру, өңірде атқарылып жатқан шараларды, келелі мәселелерді кеңінен насихаттау. Бұл орайда қала, аудан әкімдері, департамент, басқарма басшылары қатысуымен белгіленген кестеге сай брифинг ұйымдастырылады.  
Жаңа орталық қызметінде алғашқы болып 22 қаңтар күні сағат 11.00-де облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жазира Жақсылыққызы Жылқышиева мәлімдеме жасайды. 
Осы салаға қатысты маңызды сауалдарыңыз болса, алдын ала  kz.com.centre.kz@maіl.ru  электронды поштасына жолдауларыңызға болады. 
«Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жанындағы Қызылорда облыстық коммуникациялар орталығы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз