«OFFLINE_QUIDE_KZO» қосымшасы дайындалды

1112

7

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тапсырысымен «Birgemiz: Asyl мura» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру» мақсатында жарияланған шағын грант байқауының жеңімпазы, Экономика және құқық институты, Экономикалық теория және мемлекеттік басқару кафедрасының оқытушысы Карбозова Ағжан Сайлаубекқызының «OFFLINE_QUIDE_KZO» жобасы бойынша смартфондарға арналған оффлайн форматта жұмыс жасайтын аудиогид қосымшасы құрастырылды. Қосымша Қызылорда облысы аумағында орналасқан 30 тарихи-мәдени ескерткіштер туралы мәліметті 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын) алуға мүмкіндік береді.

Әлемдік туризм саласында аудиогид, оффлайн карта, оффлайн гид түсініктері кеңінен таралған. Алайда облыс аумағында мұндай форматта жұмыстар енді жүргізілуде. Қызылорда облысының туристік әлеуетін жандандыруда ақпараттық технологиялардың озық үлгілерін пайдалану тиімді екенін байқауға болады. Жоба жетекшісі Карбозова Ағжан Сайлаубекқызы жобаны жүзеге асыру барысында Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасымен байланыс орнатып, облыстың туристік аумақтары туралы ресми мәліметтерді алып талдаудан өткізді. 2020 жыл волонтерлер жылы екендігін ескере отырып, жобаға волонтер ретінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 6В11177-Туризм білім бағдарламасының білім алушыларын волонтер ретінде қатыстырылды. Волонтер білім алушылар жинақталған мәліметтерді өңдеуде, орыс, ағылшын тілдеріне аударуда, аудиожазба жазу барысында белсенділік танытты.

Аталған жаңашылдықты ескере отырып, Қызылорда облысының туризм саласына жақсы жаңалық енуде деп есептеуге болады.    

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<