“ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНАҒА” ҚОЛ ЖЕТЕ БАСТАДЫ

44

0

“ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНАҒА” ҚОЛ ЖЕТЕ БАСТАДЫСәрсенбі күні Қызылорда облысы әкімдігі мен «Қазақстан Тұрғын үй – Құрылыс Корпорациясы” АҚ-ның өзара ынтымақтастық меморандуымына қол қойылды. Іс-шараны ашқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев  қазіргі күні Қызылорда қаласы қарқынды құрылыс алаңына айналып отырғандығын атап өтті. Облыста «Қолжетімді баспана-2020” бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында 2012 жылдан бастап қаржыландырудың барлық көздерінен 4907 үй пайдалануға беріліп, тұрғындардың, жас отбасыларының  баспана мәселесін шешуге үлкен ықпалын тигізді.

 Бүгінгі таңда Қызылорда қаласында «Қазақстан Тұрғын үй–Құрылыс Корпорациясы” акционерлік қоғамына жалпы ауданы 4,7 гектарды құрайтын 2 жер учаскесі беріліп отыр. Оның ішінде Арай шағын ауданындағы жер көлемі 2,7 гектар, Шүкіров көшесіндегі жер көлемі 2 гектарды құрайды. Үстіміздегі жылы «Арай” мөлтек ауданынан бес  көпқабатты үй құрылысы басталса, келер жылы Шүкіров көшесінде тағы бес үй салынады.
Биыл Қызылорда қаласында 26 үй пайдалануға беріледі. Бұған қоса, аталмыш корпорация  және «Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” АҚ бірлесіп, 10 көпқабатты үй салады. «Қазақстан Тұрғын үй – Құрылыс Корпорациясы” АҚ өкілі Руслан Құсайынов «Қолжетімді баспана” бағдарлама аясында осы жылы 230 пәтердің, 2015 жылы 180 пәтердің кілті табысталатынын жеткізді. Ұзақ уақытқа жоспарланған бағдарламаның тиімділігі көп. Тұрғын үйдің әр шаршы метрі 1000-1200 теңгеден ғана болады.  Жаңа баспанаға қоныстанатын тұрғындарды жергілікті әкімдік анықтайды. 
Мұнан соң Қызылорда облысы әкімдігі мен «Қазақстан Тұрғын үй–Құрылыс Корпорациясы” АҚ арасында өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды. Оған облыс әкімінің орынбасары Н.Әлібаев пен корпорация тарапынан Р.Құсайынов қол қойды. Жиын соңында аймақ басшысы байыпты бастамаға сәттілік тіледі. 
Ы.ТҰРЛЫҒҰЛОВ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз