Оқу құралы жарық көрді

1469

2

Жақында «Қызылорда-Қанағаты» баспасынан «Киелі өнер иесі – Шәмшат» атты білім алушыларға арналған оқу құралы жарық көрді. Оқу құралы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты мен «Болашақ» университетінің филология, журналистика кафедрасы жанындағы «Руханият» Ғылыми-зерттеу орталығында дайындалды.

Аталған оқу құралы Қызылорда «Болашақ» уни­верситетінің ғалымдары, филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Тайманова, магистр Л.Сапар­таева және Қармақшы ауданындағы Т.Салқынбайұлы атындағы әуез мектебінің мұғалімі Ж.Тұрымбетовтың бірлескен авторлығында жарық көрді.
Еңбек құралы Сыр өңірінің айрықша талантты өнерпазы Шәмшат Төлепованың шығармашылығына арналған. Оқу құралында жыршылық, жыраулық өнердің бастау бұлағы Қорқыт мұраларында жат­қандығы, сөз бен саз өнерінің байланысы, сабақ­тастығы туралы айтылған ғалымдардың ой-пікірлері және термешілік-жыраулық дәстүрді жалғастырушы Шәмшат Төлепованың шығармашылық өмірбаяны, ол туралы жазылған мақалалар, арнау өлеңдер, Сыр сүлейлерінің терме-жырларының мәтіні мен нотасы, оны игертудің әдістемелік жолдары берілген.
Әр бөлімнің соңында білім алушылардың теориялық білімі мен шығармашылық қабілетін дамыту мақсатындағы іздену, оқу, үйрену бағытында түрлі тапсырмалар мен тест сұрақтары қамтылған. Оқу құралы жоғары және орта мектеп пен өнер мектебінің білім алушылары мен магистранттарына, зерттеуші мамандарға, мұғалімдерге арналған.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<