ОРАЛМАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

53

0

Сәрсенбі күні Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н.Годунованың
төрағалығымен облыс әкімдігінің жанындағы оралмандар мәселелері бойынша комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Онда жергілікті атқарушы орган басшыларының алдыңғы отырыстағы хаттамалық тапсырмалардың орындалуы, оралмандар мәселелері бойынша атқарылған жұмыстар, азаматтықты қабылдау, есепке алу, тіркеу шаралары, қамтамасыздандыру және құжаттандыру туралы есептері тыңдалды.

Соңғы 3 жылда облысқа құрамында 505 адамы бар 219 оралман отбасы қоныс аударды. Олардың басым көпшілігі Өзбекстан Республикасынан келгендер.

Облысымызға келген оралмандардың 61 пайызы еңбекке жарамды жастағылар, 26,3 пайызының жоғары және орта арнаулы білімі бар.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес оларға әр түрлі әлеуметтік төлемдер түріндегі көмектер (18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы, тұрғын үй көмегі, атаулы әлеуметтік көмек және т.б) көрсетілуде.

«Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде жұмысқа тұруға және оқуға қолдау жасалып жатыр. Басым бағыт өз ісін ашуға жеңілдетілген несие беру болып табылады.

Комиссия отырысының қорытындысында
қоныстанушы оралмандарға құқықтық көмек көрсету жұмыстарын жүргізу, «Жұмыспен
қамту-2020 жол картасы» бағдарламасына қатысуға тарту, сонымен қатар
оралмандардың балаларын мектепке және
мектепке дейінгі оқу мекемелеріне орналастыру жөнінде тапсырмалар берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз