ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

64

0

ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қызылорда облысы бойынша Қорғаныс істері жөніндегі департа­ментінің басшысы ауысты.

ҚР Қорғаныс министрінің №231 бұйрығы және аймақтық қорғаныс кеңесінің төрағасы – Қызылорда облысы әкімінің келісімімен департамент басшысының міндетін атқарушы болып Ерниязов Әлімжан Қанағатұлы тағайындалды.

Генерал-майор
Әлімжан Ер­ния­­зов 1955 жылы Қызылорда об­лысында дү­ниеге келген. 1977 жылы
Алматы жоғары жалпы әскери ко­мандалық учи­лищесін бітірген ол кейіннен
М.В.Фрунзе атындағы ака­демияда білім алды. 2001 жылы РФ Қарулы күштері Бас
штабының академиясын тәмамдаған.

1980-1981
жылдары Ауған соғысының отты жолдарынан өткен ол «Қызыл жұлдыз», 3 дәрежелі
«Отан алдындағы қызметі үшін» ордендерімен және 8 мерейтойлық медальдармен
наградталған.

Жаңа қызметке дейін ҚР Қарулы күштері Бас штабының
әскери дайындық департаментінің басшысы қызметін атқарған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз