ОРТАЛЫҚ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

43

0

Қазақстан экономикасына елеулі үлес қосып жатқан көшбасшыларды анықтайтын жалпыұлттық республикалық Ұлттық бизнес-рейтингі (ҰБР) түзген тізімде «Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мекемесі үздіктер қатарынан орын алды. 
Кешенді рейтингтік бағдарламасына сәйкес 2011-2012 жылдың қорытындысы бойынша республикадағы жұмыспен қамту қызмет түрлерімен айналысатын кәсіпорындардың, атап айтқанда Ұлттық бизнес-рейтингісі бойынша «ТОП-100» қатарынан көш бастаған Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмыспен қамту орталығы мекемесі «Қазақстан-2013 көшбасшысы» деген дәрежеге ие болды. Яғни, экономикамыздағы көшбасшы кәсіпорындардың жалпымемлекеттік республикалық рейтинг бағдарламасы бойынша арнайы атаққа ие болды. 
Үздік деп танылған орталыққа «Сала көшбасшысы – 2013» ұлттық сертификаты мен медалі табыс етілсе, орталық басшысы Ақылбек Жанибеков «Қазақстан даңқы» орденін омырауына тақты. Сондай-ақ, орталық мамандары Самал Абдуллаева «Жыл маманы-2013» ұлттық сертификатына, Жаңабек Тұрлыбеков «Тиімділігі үшін» медаліне ие болды. 
Еске сала кетейік, Ұлттық бизнес-орталығы кешенді халықаралық рейтингтік жоба болып табылады. Ұйым ТМД мемлекеттері мен Кедендік одақта кәсіпорын қызметінің тиімділігіне баға беруші коммерциялық емес жалпымемлекеттік рейтинг ретінде кеңінен танымал.
Нұрбек САҒАТҰЛЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз