ҚОРҚЫТ – ҚОБЫЗ

81

0

Ақын Оңталап Нұрмахановтың тұңғыш жыр
жинағы осындай атпен өз оқырмандарына жол тартты. Кітапсүйер қауым үшін
қуанышты жаңалық болған туынды Алматы қаласындағы «АRNA-B” баспасынан мың жарым
дана таралыммен жарық көрген.

Төрт бөлімнен тұратын жинақтың алғашқы
тарауы «Қорқыт-Қобыз” деп аталады. Ұлы қобызшы туралы айтылғандарға құлақ
түріп, жазылғандарды жібермей оқып жүрген жанның назарын аударатын жағдай
ақынның алған тақырыбын игеруі соны сүрлеу
табуы дер едік. Автор мүмкін болғанынша өзінше ой айтуды және оларын
өзіндік мәнерлеп жырға қосуды мұрат еткен. Онысы өте сәтті шыққан.

Жинақтың «Сана – соғыс, ми – майдан” атты екінші бөлімінен Оңталап
ақынның оқырманды ойлантатын, бір құпиясын ішіне сақтаған жырларын оқып, оның
қаламы қуатына көз жеткізгендей боласыз.

Ақын «Ой орам” және «Ұлы үшбұрыш” деп
аталатын қос бөлімнен тағы бір қырынан танылады. Онда ол өмірден көргенін,
сезгенін, түйгенін ой елегінен өткізіп, жалпы адамзатқа, қоғамға, ортаға қатысты
ой орамдарына орын береді. Тек айырмасы, алғашқы бөлімде ой орамдары қысқа
қайырылса, ал соңғы бөлімде салалы, салауатты жырға айналады.

Тоқетеріне келсек, ақын Оңталап Нұрмаханов
өзінің бағытын айқындап алған тамаша талант иесі. Сондықтан оған қалың оқырман
атынан қаламыңда кідіріс, шабытыңда мүдіріс болмасын деген тілек қосамыз.

Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз