ҚОС ТОЙЫ ҚАТАР КЕЛГЕН ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ

52

0

Өткен аптада Қызыл­орда
облыстық телекоммуникация дирекциясы үшін қос мереке қатар келген күн болды.
Компания Байланыс және ақ­парат қызметкерлерінің күнін атап өтумен қатар,
«Қазақтелеком” АҚ-ның 20 жылдығын тойлады. А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет
үйінде осы қос мерекеге арналған салтанатты шара болып өтті. Оған сала
қызметкерлері мен ардагерлері, жергілікті бұқаралық ақпарат құрал­дары
басшылары қатысты.

Салтанатты шара бас­­та­лар
алдында облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов бастаған құрметті қонақтарға
телекоммуникация қызметінің жаңа түрлері таныстырылып, 4G LTE мобильдiк байланысының 4-ші буын GSM
желісінің тұсаукесері болып өтті. Мұнан соң С.Қожаниязов байланысшыларды кәсіби
мерекесімен және мерейтойларымен
құттықтады. Ол байланыс және ақпарат саласының бүгінгі замандағы маңызды
қызметіне тоқталды. Серік Салауатұлы осыдан кейін байланыс саласының қыз­мет­керлеріне
облыс әкімінің құрмет грамо­тасын және алғыс хатын табыс етті. Қызылорда ОДТ
бас директоры Серік Балтабайұлы өз кезегінде компанияның осы жылдары жеткен
жетістіктеріне шолу жасады. Аймақта барлық аналогтік АТС-тер цифр­лы АТС-терге
ауыстырылып, цифрлы радиорелелік және талшықты-оптикалық желілер іске қосылды.
Ауылдағы ағайындардың мүм­кіндігі артты. Осы жұ­мыстардың қарқынды ат­қа­рылуы
арқасында Сыр өңірі қазіргі таңда
Респуб­лика бойынша телекомму­никациялар желісін 100 пайыздық
цифрландыруға қол жеткізген екінші аймақ болып отыр. Компания басшысы мұнан соң
ҚОТД қызметкерлерін мере­келерімен құттықтап алғыс хаттар табыс етті. Ол сонымен қатар, ақпараттық
құралдар басшыларын кәсіби мерекесімен құт­тықтап, алғыс хатпен және
сыйлықтармен марапаттады.

Мерекеге жиналған қауым­ды
сондай-ақ, Қы­зылорда қаласы әкімінің орынбасары Руслан Рүс­темов, Қазақстанның
еңбек сінірген қайраткері, Журналистер одағының лауреаты Ержан Уәйіс,
«Қазақстан-Қызылорда” телеарнасының директоры Жағыпар Қара­бала құттықтады.
Салтанатты шараны жергілікті өнер­паздар ән-шашуымен өрнектеді.

Ы.ТҰРЛЫҒҰЛОВ.

 

 

Байланысшылар мерекесі

Жылдам хабар алғызған. Қандай қоғамда да почта қызметі бәсін төмендеткен
жоқ. Бүгінгі таңда шалғай ауылдардың өзінде де бұл сала жолға қойылған.
Солардың бірі – Қазалы аудандық почта байланыс торабы десек артық емес. Байырғы
маман Жайлаубай Нұрбаев басшылық жасайтын аталмыш ұжымда сексенге тарта адам
еңбек етеді. Мұнда почта тасымалымен қатар қаржылық қызмет те көрсетіледі.
Яғни, екінші деңгейлі банктің рөлін
атқарады дегенді аңғартады. Айта кетерлігі, қазалылық байланысшылар қашанда
аудан көлеміндегі БАҚ-қа берілген межені орындап, биіктен табылуда.

Еңбегіне қарай құрмет. Кәсіби мерекеге орай почта байланыс торабында
салтанатты жиын өткізілді. Рәсімде мекеме басшысы Жайлаубай Нұрбаев құттықтау
сөз сөйледі. Мұнан соң сала озаттары марапатталды. Торап инкассаторы Қайырбек
Табынбаев «Қазпочта» АҚ басқарма төрағасының, электроншы Ғазизбек Қоламсақов
Қазалы ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ ұжымға аудан әкімінің
алғыс хаты, бағалы сыйлығы тапсырылды. Жиын барысында кәсіподақ комитетінің
төрағасы Төрехан Майлыбаев бір топ ұжым мүшелеріне «Нұр Отан» партиясының
мүшелік билетін табыстады.

 

Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.

Қазалы ауданы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз