ОТАНДЫҚ ӨНІМГЕ КЕҢ ӨРІС

49

0

Облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязовтың төрағалағымен облыстың
техникалық реттеу мәселелері бойынша аймақтық штабтың кезекті отырысы болып
өтті. Кәсіпорын, аймақтық қауымдастық, «Нұр Отан» партиясы, өңірлік кәсіпкерлер
палатасы өкілдерінің қатысуымен болған басқосуда Кедендік Одақтың техникалық
регламенттері және оны сақтау мен отандық кәсіпкерлер үшін тиімділігі секілді
ауқымды мәселелер қозғалды.

«Басты мақсатымыз өндірістегі техникалық кедергілердің
алдын алу. Яғни, өндірушілер мен тауар өткізушілердің арасында жасанды
кедергілердің орын алмауын реттеу. Сондай-ақ, сапалы өнімдердің халықаралық
талапқа сай болуын, оның сақталуын қадағалау. Бұған қоса өндірісте білікті
мамандардың болуы, сапа менеджмент жүйесін енгізу, талапқа сәйкес сарапшылардың
болуы, зертхананы акредиттеуге көмек көрсету, КО ТР қолдану үшін қажетті
нормативтік құжаттар тізіміне талдау
жүргізу және оларға өзгерістер енгізу мен өзектендіру бойынша ұсыныстар
дайындау да біздің негізгі міндеттеріміз», – деді техникалық реттеу және
метрология комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінің директоры Ерқанат
Кеулімжаев.

 

Жиын барысында сүт және сүт өнімдерінің, ет және ет
өнімдерінің, құрылыс заттарының қауіпсіздігі де кеңінен талқыланды. Айта кету
керек, бүгінде Кедендік Одақтың аясында 34 техникалық регламент қабылданған.
Оның ішінде жиыр­мадан астамы күшіне енсе, жыл­дың аяғына дейін 6 регламент енгізілетін
болады.

 

Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз