ОҢТҮСТІКТЕН СОЛТҮСТІККЕ ТЕГІН ОҚУ

45

0

Қазіргі таңда Алматы,
Жамбыл, Қызылорда, Оң­түстік Қазақстан, Маңғыстау, облы­сының демографиялық
деңгейі жоғары әрі сырттан қоныс аударушылар қарасы мол. Бұл өз кезегінде
оңтүстік өңірлердегі жұмыссыздық немесе әлеуметтік жағдайлардың кереғарлығына
апарады. Сондай-ақ, ЖОО-ға түсуге талаптанған жастардың қалаған оқуына
бәсекелестік салдарынан түсе алмауы да жұмыссыз жастардың қатарын толықтырады.
Ал, керісінше, еліміздің кейбір өңірлерінде кадр тапшылығы өзекті. Бүгінде еліміздің 7-8 облысында маман
жетіспеушілігі мәселесі бар. Оған басты себеп,
бала туу денгейінің төмендігі және сыртқа көшіп кету миграциясы. Сол
өңірлердегі өндіріс орындары еңбек күші жетіспеушілігінен өз әлеуетін толық
іске асыра алмай отыр.

Мәселен, Семейде тек қана геодезия мамандығына
оқытатын колледж бар. Қазақстандағы жалғыз оқу орны деуге болады. Осы оқу
ордасын бітірген маманның жалақысы 250-500 мың көлемінде болады екен. Ал
республика бойынша аталмыш мамандық иелеріне сұраныс көп, кадр тапшы. Сол
себепті ”Мәңгілік ел жастары – индустрияға” атты мемлекеттік бағдарламасы
қажетті мамандарға жағдай жасап, оларды тегін оқытуға гранттар бөлді.

Бағдарламаны
жүзеге асыру мақсатында биыл педагогикалық мамандықтар бойынша 7 жоғары
оқу орнына арнайы 1050 грант, 23 колледжге 35 мамандық бойынша 1000 грант
бөлінді.

Оңтүстік өңірдің өрендері 7 облыстың ЖОО-на мемлекеттік бағдарлама бойынша түсе алады.
Атап айтсақ, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік уни­верситеті,
Ш.Уәлиханов атын­­дағы Көкшетау мемлекеттік университеті, С.Аманжолов атын­­дағы
Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, М.Қо­зы­баев атындағы Солтүстік
Қазақстан мемлекеттік универ­ситеті, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты,
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, М.Өтемісов атындағы Батыс
Қазақстан мемлекеттік университеті. Сонымен қатар, осы аймақтардағы мемлекеттік
колледждерге де түсуге мүмкіндігіңіз бар.

Бұл гранттардың конкурсына жоғарыда аталған 5 облыстың
талапкерлері қатыса алады. Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, әртүрлі
деңгейде ұпай жинаған бітіруші түлектер және кешенді тестілеуден өткен барлық
үміткерлер бағын сынай алады. Жоғары оқу
орнына құжаттар тапсыру кезеңінде 4 оқу орнын таңдай аласыз.

Шекті ұпайға (50 ұпай) жетпеген бітірушілерге
колледждерге тапсыруға және шығармашылық емтихандар арқылы қабылда­натын
мамандықтар бойынша грант иегері болу мүмкіндігі бар. Құжаттарды қабылдау
комиссиясы және шығармашылық естихандар жергілікті жерде өткізіледі. Құжаттар 3
деңгейде қабылданады: жалпы құжаттар қабылдау кезеңі, мемлекеттік грант
иегерлерінің қорытындысынан кейінгі кезең және 20 тамызға дейін қосымша құжат
қабылдау кезеңі.

Бағдарлама бойынша грант иегерлері стипендиямен,
жылына екі рет барып-келу жолақы және жатақханамен, киіммен, жұмыс орнымен
қамтамасыз етіледі. Бұл бағдарламаға бұрынғы жылдары мектеп бітіргендер де
қатыса алады. Толық ақпаратты www.serpin-2050.kz сайтынан біле аласыз.

Нұрбек Сағатұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз