Партия қатары толықты

64

0

Партия қатары толықтыТұңғыш Президент күні қарсаңында түрлі салада еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтар «Нұр Отан» партиясына қабылданды. Оларға билетті облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Қырымбек Көшербаев салтанатты түрде тапсырды.

– Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұр Отан» партиясы билікті халықпен барынша жақындастыра түсетін алтын көпірге айналуы тиіс» деген еді. Партия жетекшісі барша нұротандықтарды саяси көшбасшылықты күнделікті істе дәлелдеп, қоғам өмірінің барлық бағыттарында алдыңғы орында болуға міндеттейді. Сіздер де осы сенімнің үдесінен толықтай шығасыздар деген үміттемін, – деген аймақ басшысы нұротандықтарға жүктелер жауапкершілік жүгінің салмақты екенін еске салды.

Партия қатарына мүшелікке қабылданған­дардың ішінде ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Алмас Өтешов те бар.

– «Нұр Отан» партиясы тек азаматтардың басын бір ортаға тоғыстырып отырған жоқ, әлеуметтік жауапкершілік алып отыр. Елбасының сеніміндегі партияға мүше болу мен үшін үлкен жетістік. Қоғамдық-саяси ортадағы партия беделін нығайтып, көздеген мақсатына қол жеткізуіне үлесімді қосамын. Аймақтың, еліміздің абыройын аламан додаларда жеңіс тұғырында шығып, асқақтата беремін, – деді Алмас Өтешов.

Сонымен қатар, партия қатарына Жаңақорған ауданы, Талап ауылдық округінің әкімі Бақтияр Ахметов, Шиелі ауданы, Алмалы ауылдық округінің әкімі Болат Баймағанбетов, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Сырдария ауданындағы филиал директоры Айдос Серекеев, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы, PhD докторы Гаухар Танжарықова, облыстық наркология орталығының дәрігері Аман Тұрсынов, Байқоныр қаласы №14 орта мектебінің мұғалімі Зәуре Қалышова, облыстық кәсіпкерлер палатасының консультанты Салтанат Бекжанова қабылданды. Бұдан бөлек, партияның бірқатар мүшесіне жаңа үлгідегі партия билеттері табысталды.

Дәурен ОМАРОВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз