ПАРТИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ ПӘРМЕНДІЛІГІ АРТАДЫ

44

0

Кеше облыс әкімі Қырымбек
Көшербаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы саяси кеңесі
бюросының отырысы болып өтті. Онда үш мәселе қаралды.

Бірінші мәселе, «Нұр Отан» партиясының сайлауалды
тұғырнамасын жүзеге асыру бағытындағы аймақтық сарап­шы топ тәлімгерлерінің өз
салалары бойынша есебін тың­­дау. Бүгінде тұғырнаманы жү­зеге асыру бағытында
12 топ жұмыс жасайды. Солардың маңыз­дыларының бірі «Жасыл экономика» тұжырымдамасы аясында
атқарылып жатқан жұмыстар. Бұл
турасында «Жасыл экономи­ка»
сарапшы тобының же­тек­шісі Абзал Тайманов мәлімдеме жасап, жасыл экономиканы құруда
өңір мүмкіндігінің мол екендігін жеткізді. Ал, мемлекеттік басқарудың жүйесі
бойынша облыстың мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін
қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығының директоры
Қалқазбек Әжібеков сөз алып, кадрлардың біліктілігін арттыру мен оларды қайта
даярлаудағы тиімділіктерді сөз етті. Сондай-ақ, мемлекеттік басқару жүйесінің
дамуына да тоқталды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе 2014 жылдың І жартыжылдығы
бойынша Қызылорда облыстық мәслихатындағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық
фракциясының атқарылған жұмыстарының есебі болды. Бұл жайында облыстық «Нұр
Отан» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың
ректоры Қылышбай Бисенов хабарлама жасады. Баяндама барысында партия жетекшісі
шағын және орта бизнесті дамыту, халыққа медициналық көмек көрсету, жастар тәр­бие­сі,
мүгедектерді жұ­мыс­­пен қамту секілді басқа да түрлі әлеуметтік мәсе­лелерді
шешудегі жетекші партияның атқарған жұмыс­тарын егжей-тегжейлі баяндады.

Жалпы, жиында «Нұр Отан» партиясының об­лыс­тық филиалы
саяси кеңе­сі бюросының жұмыс регламенті бекітіліп, өзге де мәселелер талқыға
түсті.

М.ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз