«ПАРЫЗ» конкурсы туралы

57

0

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеу­мет­тік қорғау министрлігі «Бизнестің әлеуметтік жауап­кершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақ­стан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаң­тардағы №523 Жарлығына сәйкес бизнестің әлеу­меттік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2014» конкурсын ұйымдастыру жұмыстарының жүргізіліп жатқандығын хабарлайды.

Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүргізіледі және оған жеке кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі – үміткерлер) қатыса алады. Конкурс лауреаттарының атақтары үш санат бойынша:

шағын кәсіпкерлік субъектісі;

орта кәсіпкерлік субъектісі;

ірі кәсіпкерлік субъектісі;

және мынадай номинациялар бойынша беріледі:

«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясында өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын ұйымдардың қызметі қаралады (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру, еңбекті қорғауды ұйымдастыру, кадр­ларды кәсіби даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру және т.б.).

«Еңбек саласындағы үздік кәсіпорын» номинацисында еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдай­ларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады»;

«Үздік ұжымдық шарт» номинациясында Қазақ­стан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады;

«Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясында қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады».

Материалдардың құрамында:

1) қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім;

2) үміткердің өз қызметіне және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелеріне жасаған бағасының деңгейін көрсететін есебі. Үміткердің есебіне мыналар кіреді: заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы; ұйымдық құрылым; өзге де қосымша ақпарат;

3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі, DVD дискілердегі материалдар, альбомдар, брошюралар, басқа да қосымша құжаттар болуы мүмкін).

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер конкурс­ты ұйымдастырушыларға материалдарды бір данада береді, өтінімдерді беру мерзімі – 2014 жылдың 1 қазанына дейін, материалдар қағаз және электронды таратушыларда ұсынылады.

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Б.Асқар көшесі, 47 үй, Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 20 каб. тел. 270206.

Конкурс жөнінде толық ақпаратты Министрліктің www.pariz.kz және www.Enbek.gov.kzсайттары немесе (87172) 74-35-11 телефоны арқылы алуға болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз