«ПАРЫЗ» КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

43

0

Облыс әкімдігінде әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өткізілді. 
Отырысқа комиссия мүшелері мен «Парыз-2013» конкурсында бақ сынаған кәсіп иелері қатысты.  
Өңірде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттырған, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосқан компанияларға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің дипломдары мен облыс әкімінің алғыс хаттары табыс етілді. Яғни, «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша  «Парыз-2013» конкурсының жеңімпаздары «ZHANROS DRІLLІNG» АҚ және «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша  «Қуат Амлон Мұнай» БК ЖШС марапатталды.
Сондай-ақ, «Сибу Қызылорда» ИБК ЖШС, «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «Торғай Петролеум» АҚ, «DPS Қызылорда» ЖШС, «КНЛК Интернешнл Қазақстан, Инк» ЖШС «Парыз-2013» конкурсына қатысқаны үшін Министрліктің арнайы дипломдарымен және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен меценаттықты дамытқаны үшін облыс әкімінің алғыс хатын алды. 
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша «Парыз» конкурсы Мемлекет басшысының қолдауымен  2008 жылдан бастап жүргізіледі. Соңғы 4 жылдың ішінде 2 мыңнан аса ұлттық компаниялар өздерінің абзал істерімен «Парыз» конкурсының міндеттерін жүзеге асырып, лауреат атақтарына ие болды. 
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз