ПЕДАГОГҚА АРНАЛҒАН ПОРТАЛ

37

0

Облыс орталығындағы №43 Ж.Махамбетов атындағы орта мектепте «Болашақты бірге жасаймыз» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар кеңес өтті.
Семинарға республикалық, облыстық, қалалық білім сайыстарының жеңімпаздары мен орта мектеп мұғалімдері қатысты. Ұстаздар білімін саралайтын кеңесті қалалық білім бөлімі, республикалық http:45mіnut.org интернет және баспа басылымы мен мектеп ұжымы ұйымдастырды. 
Ұстаздарға арналған танымал интернет порталдың редакторы Ізгілік Нағиев, білім саласындағы бүгінгі жаңашылдықты, заманауи құрылғылармен жұмыс істей білуді оны тиімді пайдалана білу тәсілдерімен бөлісті. Екі кезеңнен тұратын семинарда қатысушылар өз жұмыстарын көрсетті. Әдістемелік және секциялық бағытта өткен кеңесте білікті ұстаздарға арнайы сертификаттар мен алғыс хаттар табыс етілді. 
– Қазіргі таңда дүниежүзілік білім жүйесі деңгейіне сәйкес келетін, сапалы білім беруге жағдай жасайтын, жастардың үйлесімді дамуына бағытталған білім беру көзделіп отыр. Білім саласы Қазақстанның интеллектуалдық және инновациялық ресурсы. Елбасының «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын қолдау барысында республика көлемінде өткізіліп жатқан семинар аясында http://www.matrіtca.kz саяси порталы мен http://45mіnut.org ұстаздар порталы «Болашақты бірге жасаймыз» атты шығармашылық жұмыстардың конкурсын ұйымдастырудамыз. Шешуші кезеңі жақындап қалды. Ұстаздар әрдайым портал жұмысына атсалысып, белсенді жұмыс істегенін қалаймыз – дейді http:45mіnut.org порталының бас редакторы І.Нағиев.
Педагогтың кәсіби құзыреттілік ұғымы тұлғаның біртұтас құрылымындағы теориялық және тәжірибелік дайындығының бірлігі. Осындай қағидатты жолға қойған портал білім саласының жаңа ІT үнпарағына айналуды көздейді.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз