«ПетроҚазақстанның» жаңажылдық дәстүрі

71

0

«ПетроҚазақстанның» жаңажылдық дәстүріҚызылорда қаласындағы «ПетроҚазақстан» спорт кешенінде жыл сайынғы дәстүр бойынша жаңажылдық балалар ертеңгілігі болып өтті. Биыл мұнайшылар тұрмысы төмен және көпбалалы отбастарынан шыққан 300 балаға арналған жаңажылдық қайырымдылық шыршасын қатарынан 18-ші рет ұйымдастырып отыр.

Жаңажылдық салтанат шарасында балаларды «ПҚҚР» АҚ басқарма төрағасы Цинь Хунвэй мен «ПҚҚР» АҚ жұртшылықпен байланыс бөлімінің менеджері Хұсейн Сәрсембаев құттықтады.

– Жаңа жыл – ересектер мен балалар үшін бірдей, шаттыққа толы бірегей мейрам, әсіресе, балғындардың қуанышында шек болмайды. Жаңа жыл балалар үшін жарқыраған әсем шыршасымен, Қарша қызын жетектеген Аяз атасымен және сыйлықтарымен қызықты! – деп лебізін білдіреді «ПҚҚР» АҚ басқарма төрағасы Цинь Хунвэй. – «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы атынан сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын! Лайым Жаңа жылда ниет еткен үміт-тілектеріңіздің барлығы орындалсын, баршаңызға зор денсаулық, амандық, табыс және бар жақсылықты тілеймін!

Мұнайшылардың атынан балалардың барлығына жаңажылдық сыйлық ретінде тәттілер, жұмсақ ойыншықтар мен жылы жемпірлер таратылды.

Ағымдағы жылы «ПетроҚазақстан» компаниясы жаңажылдық қайырымдылық акциясының аясында балаларға 2000-нан аса сыйлық үлестірді. Олардың 1600-ы – жаңажылдық сыйлықтар. Бұл сыйлықтардың барлығы мұнайшылар тарапынан медициналық-әлеуметтік мекемелердің – облыстық жұқпалы аурулар, туберкулезге қарсы ауруханалардың балаларына, №5 және №6 арнайы мектептердің тәрбиеленушілеріне берілді. Сонымен қатар, компанияның қамқорлығындағы балалар мекемелерінің тәрбиеленушілері де тәттілер мен ойыншықтарға ие болды.

***

«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының өкілдері есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №6 облыстық арнайы түзету мектеп-интернатының тәрбиеленушілерін алғашқылардың бірі болып құттықтады. Өткізілген жаңажылдық ертеңгілікте мұнайшылар оларға түрлі сыйлықтар таратты.

Мекеме директоры Қуаныш Изатуллаевтың айтуынша, өтіп бара жатқан жыл интернат тәрбиеленушілері үшін табысты болды, нақтырақ айтқанда, олар бүкіл әлемге танылды. 9-сынып оқушылары Алмат Теңізбай, Тоғжан Рүстембек, Гүлраушан Жаханша, Аягөз Айболат және Динара Еленовалар есту және сөйлеу кемістігі бар «Жұлдызай» республикалық шығармашылық фестивалінен жүлделі 1-орынды жеңіп алды, сондай-ақ Түркияда өткен халықаралық конкурстың үлкен кубогын иеленді.

Арнайы мектептің тәрбиеленушілері керемет ән салып, мың бұрала билейді. Осы өнерлерін олар жаңажылдық ертеңгілікте көпшілікке паш етті. Интернат тәрбиеленушілері естімейді, бірақ көңілдеріндегі қуаныш-реніштерін бірге бөлісіп, достаса біледі, айналадағы адамдардың айтқан сөздерін ишарат, ым белгілері арқылы түсінеді. Сырттан келген адамға құлағы естімейтін баланың музыка ырғағын қалай сезінетінін түсіну қиын. Шын мәнінде, олардың әрбір нәтижелі әрекеттері – ұстаздардың, мамандардың дефектологтардың үздіксіз еңбегінің арқасы.

Оқушыларды «ПҚҚР» АҚ жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас маманы Ақтолқын Сұлтангереева құттықтап, сыйлықтарын табыс етті:

– «ПетроҚазақстан» компаниясының атынан құттықтау лебіздерімізді қабыл алыңыздар! – дейді А.Сұлтангереева. – Біз бүгін сіздердің дарындылықтарыңыздың куәсі болдық! Дендеріңіз сау болсын, спортта да, өнерде де және
оқуда да озат атаныңыздар!

– Бүгін – бесінші сыныпта оқитын немерем
Олжас үшін қос мереке – яғни туған күнін де қоса тойлап жатырмыз, – дейді
зейнеткер Әлима Нұртазаева. – Ертеңгілік тамаша әрі әсерлі өтті, оның мұндай
жақсы деңгейде өтуіне мектеп-интернаттың оқытушылар ұжымының сіңірген еңбегі
зор. Олардың еңбегі мәртебеге лайық – бұл жерде балаларымыз тек білім алып қана
қоймай, сонымен қатар жан-жақты дамиды. «ПетроҚазақстан» компаниясына керемет
сыйлықтары үшін алғысымыз ерекше, ең бастысы, балалар мәз-мейрам. Баршаңызға
ырыс-береке, татулық, амандық тілеймін, өсіп-өне беріңіздер!

***

«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ
мұнайшы­ла­рының сыйлықтары Жаңақорған ауданындағы «Балдәурен» қоғамдық қоры
жанындағы «Балғын» балабақшасының тәрбиеленушілеріне де үлестірілді.

Мекемеде Жаңақорған ауданының жетім
қалған және тұрмысы төмен отбастарынан шыққан 50 бала екі топта тәрбиеленеді.
Мекеме он үш жыл бойына «ПҚҚР» АҚ-ның толық қамқорлығында келеді. Балабақшаның
ойын және басқа бөлмелері заманауи жабдықтармен жарақтандырылған, балалар үш
мезгіл тамақтанады.

Балабақша тәрбиеленушілері өздерінің
қамқоршыларын әсем безендірілген жаңажылдық шыршаның жанында күтіп алып,
мерекелік ән-би бағдарламасын тарту етті. Түрлі жаңажылдық киімдер киген
балалар ұлттық ертегілердің дәстүрлі
кейіпкерлерімен бірге мерекенің бас­ты қонақтары – Аяз ата мен Қарша қызды
қарсы алды. «Балғынның» балғын тәрбиеленушілері келген қонақтарды өз
өнерлерімен тәнті етті. Олар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өлеңдер оқыды.

Салтанат барысында «ПетроҚазақстан
Құмкөл Ресорсиз» мұнай компаниясының өкілдері бүлдіршіндерге жұмсақ ойыншықтар
мен тәтті-мәттілерін молынан таратты.

– Табалдырықтан аттағалы тұрған жаңа жыл
қуанышқа кенелтсін, ойдағы арман-тілектеріңіз орындалсын, – деп балғындарға
құттықтау лебізін жеткізеді «ПҚҚР» АҚ жұртшылықпен байланыс бөлімінің менеджері
Хусаин Сәрсембаев. – Дендеріңіз сау, бақытты болыңыздар, ақылдарыңызға ақыл
қосып, көңілдеріңіз шат-шадыман болсын.

Жаңажылдық ертеңгілікте бүлдіршіндерді
Жаңақор­ған ауданының әкімі Сұлтанбек Тәуіпбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің
төрағасы Зинабдин Шермағанбет және Жаңақорған кентінің әкімі Есдәулет
Сейілов.

– Балалардың, ата-аналардың және
тәрбиешілердің атынан «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ басшылығы мен ұжымына
балаларға көңіл бөліп, жасап жатқан қамқорлықтары үшін шынайы алғысымды білдіремін,
– дейді«Балдәурен» қорының басшысы Айсара Нәлібаева. – Баршаңызға табыс
тілеймін, өркен жайып, гүлдене беріңіздер.

«ПҚҚР» АҚ жұртшылықпен байланыс
бөлімі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз