ПОЛИЦЕЙЛЕР АНАЛАРҒА ГYЛ СЫЙЛАДЫ

34

0

Әйелдер мерекесі қарсаңында Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының ұжымы «Ана – өмірдің гүлі» атты мерекелік кеш ұйымдастырды.
Гүлдей құлпырған биші қыздар әсем безендірілген сахна әрін ашып, мереке басталған соң басқарма бастығы, полиция подполковнигі Пазылбек Нәлібаев сөз алып, әскери тәртіппен қызмет етіп жатқан басқармадағы қырық бес қыз-келіншекті көктем мерекесімен құттықтады. Халықтың тыныштық күзетінде жүрген бірнеше нәзік жандарға сала министрлігінің бұйрығымен берілген жоғары шендерін табыстады. Басқарма ардагерлеріне ақшалай, заттай мерекелік сый-сияпат жасады. 
Мұнан соң иығына оқа таққан азаматтар қолына домбыра алып, бір сәт өздерінің өнерден де алыс еместігін паш етті. Арнайы шақырылған өнерпаздар мерекелік көңіл-күйді онан әрі  көтерді.
Жалпы, қатаң ережемен қызмет ететін ұжым осы күні өздерінің сөз майын тамыза тілек айтып, сахнада әртістерден кем емес әсерлі өнер көрсете білетіндерін де танытты.
Р.ДYЙСЕНҰЛЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз