Праймериз жаңа лидерлерге жол ашты

736

1

«Nur Otan» партиясының праймеризінде қызылордалықтардың 90,1 проценті дауыс берді. Бұл туралы праймериз қатысушыларымен кездесуде облыс әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Гүлшара Әбдіқалықова мәлімдеді.

Оның басым бөлігі онлайн форматта таңдау жасады. Дауыс беру кезеңіне тіркелген 501 кандидаттың 485-і жетті. Үміткерлердің 32 проценті – әйелдер, 28 проценті – жас­тар. Мемлекет тарихында дамыған елдер тәжірибесі негізінде бірінші рет ұйымдастырылған саяси дода жастардың мол тәжірибе жинауына көмектесіп, көшбасшылық қабілетке ие екенін көрсетті. Сондықтан праймеризде көздеген мақсатына жете алмаған үміткерлердің әлеуеті әлі де керек. Осы орайда оларды партиялық кадр резервіне енгізу арқылы әртүрлі кеңес, комиссия жұмысына қатыстыру көзделіп отыр.

Үгіт-насихат жұмысы кезінде 85 дебат, 2 мыңға жуық кездесу өтіп, мыңнан астам ұсыныс топтастырылды.

– Үгіт шаралары заманауи форматта ұйымдастырылып, үміткерлер жақ­сы үлгі көрсете білді. Өздеріңізді жан-жақты көрсетіп, еліміз бен өңі­ріміздің әлеуметтік-экономикалық көр­­сеткішін арттыру бағытында көп­теген мәселелер көтеріп, оларды шешу жолдарын ұсындыңыздар. Дауыс беру барысы жеңіл және түсі­нікті түрде ойластырылған. Бұл прай­мериздің ашық өтуіне үлкен септігін тигізді. Онлайн дауыс берудің алғаш рет өтуіне қарамастан, жерлестеріміз бел­сенділік танытты, – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы атап өткендей, праймериз шараларының басым бөлігінің онлайн түрде өтуі арқасында сайлаушылар кандидаттардың бағдар­ламаларымен кеңірек таныса алды. Көпшілік дебаттарды әлеуметтік желілер арқылы тамашалады.

– Жаңа лидерлердің қалыптасуына жол ашқан праймериз – халықаралық тәжірибеде партияның белсенді мүше­лері мен көшбасшыларын айқын­дайтын тиімді тетік екені бел­гілі. Осы орайда Елбасы, партия төр­ағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл туралы «Праймериздің мін­деті – халықтық партиялық тізім қалып­тастыру» деп атап өткен болатын, – деді облыс әкімі. 

Жиын барысында саяси аламан қатысушыларын құттықтаған аймақ басшысы оларға алғыс хат табыстады.

– Партияішілік іріктеуде ел эко­номикасының күретамыры саналатын теміржол саласының маманы ретінде бақ сынадым. Нәтиже жаман емес. Осындай сәтте дауыс беріп, қолдау көрсеткен жақтастарыма алғыс білдіремін, – деді Арал ауданындағы Сексеуіл локомотив пайдалану депосы бастығының орынбасары Еркебұлан Аяғанов.

Назерке Саниязова,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<