«Мен саған есірткі жайлы айтып беремін»

137

0

Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдайлар және адам ағзасына зиянды әрекеттер жатады. Оның ішінде шылым шегу, ішімдік, есірткі (нашақорлыққа салыну) пайдалану белең алып, өршіп отыр.


Есірткі – адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады. Нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі.


Есірткінің негізгі түрлеріне апиын, кокаин, көкнәр, марихуана және т.б. жатады. Барлығы да адам ағзасы мен психикасына әсер етіп зақымдайды. Бұқаралық ақпарат құралдарына сүйене отырып, мынадай деректер біліп, шошығанымды жасыра алмаймын.
Елімізде ресми түрде 48 мыңға жуық нашақор наркологиялық диспансерде тұрса, ал тіркелмегендер саны одан әлдеқайда көп.


Қазірде Қызылорда қаласында нашақорлықтан емделетін диспансерлік орталықтар жұмыс істейді. Республикамыздың есірткі бизнесі аумағында мыңдаған қылмыс тіркелгені көрсетілген. Бұның барлығы шындығында еліміз үшін жаға ұстатарлық жағдай болып отырғанын жасыра алмаймыз.


Мен осы тақырып аясында ізденіс жасап жүріп, отбасы мүшелерінде ойын білгенді жөн көрдім. Пікірлерін ести отырып, ата-анамның да, жалпы адамзат баласының есірткіге қарсы екендігіне анық көзім жетті. Біз отбасылық бас қосуда, қоғамдағы есірткіге салынушылар жайлы не ойлайсыздар деп, әкем мен анамнан сұрадым. Сол кезде әкем: осы есірткі турасындағы ойым дәрігер айтсын немесе заңсыз сатып алынсын мейлі, есірткі атауларының бәрі у.


Турасын айтқанда, бұл – өлімге апаратын бірден-бір жол десе, анам «Есірткі деген – қоғам үшін айықпас қасірет» екенін, осындай жаман әдеттерден аулақ боп, жақсы әдеттерге жақын болса, әрбір өскелең ұрпақ болашақта дендері сау, салауатты адамзат болып, қоғамымыздың бір-бір кірпіші боп қаланатындары сөзсіз деп, өз ойларын жеткізе білді.

Осы ойлардың барлығын жинақтай келе мен былай дегім келеді:


Бес нәрсемен қас бол, қор болмаймын десеңіз:


Ішімдік, темекі, нашақорлық, ұрлық, зорлық.


Бес нәрсемен дос бол, адам болам десеңіз:


Кісілік, ізгілік, ізеттілік, ілім, ғылым.


Біз есіркіге қарсымыз. Біздің бұл мәселе тұрғысында көзқарасымыз өзгеше, себебі біз болашаққа таза жүрекпен қараймыз!

Шұғыла ҚАЗБЕКҚЫЗЫ,

Жанақорған ауданы

№247 жалпы орта мектеп

9-сынып оқушысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз