Қызылорда көшелеріне 13 жылдамдық өлшегіш орнатылды

1267

2

Қызылорда қаласында  көлік ағымы көп көшелерге 13 дана «АРКАН» стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғысы орнатылды.

Олардың 5-і 11 маусымда іске қосылып, бүгінгі күнге дейін құны 14 млн теңгеден астам 1696 құқықбұзушылық анықталды.

Құрылғы жылдамдық асыру дерегін автоматты түрде анықтайды.

ҚР ӘҚБтК-нің 31-бабының 1-бөлігінің талаптарына сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тiркелген кезде жол жүрiсi саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа көлiк құралдарының меншiк иелерi тартылады.

Егер көлiк құралының меншiк иесiнiң хабарламасы немесе арызы бойынша тексеру барысында құқық бұзушылық тiркелген кезде көлiк құралы иелiгiнде болған тұлға анықталса не басқа тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеттерiнiң нәтижесінде көлiк құралына ие бола алмай қалса, осы көлiк құралының қатысуымен жасалған құқық бұзушылық үшiн ол әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылады.

 Осы Кодекстiң баптарында көлiк құралын меншiк құқығымен иеленетiн жеке тұлғалар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға тиесiлi көлiк құралдары уақытша иелену мен пайдалануға берiлген жеке тұлғалар көлiк құралдарының иелерi деп танылады.

Осы Кодекстiң баптарында сертификатталған арнаулы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптары деп құқық бұзушылықтарды байқау мен тiркеудiң метрологиялық салыстырып тексеруден өткен техникалық құралдары мен аспаптарын, құқық бұзушылықтың жасалу фактiсi мен уақытын, көлiк құралының түрiн, маркасын, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсiн, сондай-ақ жүрiсiнiң жылдамдығы мен бағытын тiркейтiн фото-бейне аппаратураны түсiну қажет.

ҚР ӘҚБтК-нің 807-бабының 2-бөлігінің талаптарына сәйкес, егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тіркелсе, айыппұлды төлеу қажеттігі туралы нұсқама түрінде ресімделеді, яғни ұйғарым болып шығарылады.

Автоматты жүйеде жұмыс атқаратын бейнекамераларымен құқық бұзушылық анықталған жағдайда, ҚР ӘҚБтК-нің 822-1 бабының 3-бөлігінің талаптарына сәйкес (Белгіленген үлгідегі түбіртегі бар, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген күннен бастап он тәулік ішінде көлік құралының меншік иесіне (иесіне) жіберіледі) ұйғарым шығарылып, «КазПочта» қызметі арқылы автокөлік тіркелген иесінің мекен-жайына жіберіледі.

Кодекстің 811-бабының 1-бөлігінің талаптары бойынша, тұлға автоматты жүйеде жұмыс атқаратын арнайы бақылау өлшегіш техникалық құралымен анықталған құқық бұзушылық деректерінің айыппұлын елу пайыздық жеңілдікпен, шығарылған ұйғарымды қолына алған күннен бастап жеті тәулік ішінде төлеуге құқылы.

Яғни, Кодекстің 743-бабының 4-1 тармағы бойынша, тұлға ұйғарымды алды деп есептеуге болады, егер жеке немесе онымен бірге тұрып жатқан кәмелет жасына толған отбасы мүшелерінің біріне тапсырылғаны туралы жөнелтушіге қайтаруға жататын хабардар етуге қол қойып тапсырылатын тапсырыс хатпен хабарлаған жағдайда, заңды тұлғаларға арналған хабарлама заңды тұлғаның басшысына немесе заңды тұлғаның жауапты қызметкеріне аты-жөні мен лауазымын көрсетіп, тапсырылғаны туралы хабарламаға қол қою арқылы хабардар етушіге кейін қайтарылады делінген.

Егер бір тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық бойынша әкімшілік айыппұл салынса, жеті тәулік ішінде 50 пайыздық жеңілдікпен төлеуге құқылы, жеті тәулікте төленбесе 30 тәулік ішінде ерікті түрде толық көлемде төлейді.

Осы аталған іс әрекеттер орындалмаған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 894  – бабының талаптарына сәйкес, мәжбүрлі түрде орындату үшін жеке сот орындаушылар палатасына жолданып, салынған айыппұл соммасынан бөлек 25 пайыздық үстемақы жеке сот орындаушыларға төленеді.

Айыппұлды төлеудің бірнеше жолдары бар. Бүгінгі таңда айыппұлды әдеттегі кассалардан бөлек екінші дәрежелі банктердің терминалдары арқылы және «Каспий Голд», «Халық банк» бекітпелері (қосымшасы) арқылытөлеуге болады. Бюджеттік сыныптама коды – 2014106, айыппұлды төлеуге әкімшілік хаттама нөмірі де керек. Сонымен қатар, айыппұлды egov.kz  электронды сайты арқылы да төлеуге болады.

Еgov.kz электронды сайты арқылы айыппұлды төлеу үшін құқық бұзушының ЖСН болуы тиіс. Төлеген соң төлем парақшасын шығарып ала аласыз.

Қызылорда қаласы Н.Назарбаев даңғылы №22 үйде орналасқан Жергілікті полиция қызметі басқармасының ғимаратындағы әкімшілік практика бөлімінде кассадан бөлек терминал және Еgov.kz электронды сайты арқылы да төлеуге болады. Қала тұрғындарына төлеуге кеңесшілер көмек көрсетуде.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<