ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

49

0

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» туралы ҚР Заңына сәйкес Ұлттық Банктің мақсаты – Қазақстан Республикасындағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Соңғы жылдары айырбас бағамының ел экономикасы үшін маңыздылығын ескере отырып, Ұлттық Банк 1 АҚШ долларын 150-155 теңге аралығында ұстады. Өз кезегінде бұл экономикалық және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Өткен жылы елімізде Жалпы ішкі өнімнің көлемі 6 пайызға артып, инфляция 4,8 пайызға кеміді. Бұл ретте Қазақстан экономикасының ғаламдық экономикамен тығыз байланысты екенін ұмытпаған жөн. Сондықтан да Ұлттық Банк әлемдік қаржы және тауар рыноктарындағы жағдайды қаперден шығара алмайды.
Біріншіден, жетекші дамушы елдердегі жағдай. АҚШ-тағы «сапалық жұмсару» бағдарламасына сәйкес, қаржы дамушы елдерден дамыған елдерге ағылады. Бұл осы елдердің валютасына қысым жасаумен жалғасты. Нәтижесінде әлемдік экономиканың кейінгі дамуындағы белгісіздіктің әсерінен әлемдік қаржы және тауар рыноктарындағы өзгерістер артты. 
Екіншіден, ресей рублі уақыт ілгері озған сайын құнсызданып барады. РФ Орталық банкі рубльді еркін айналымға жіберді. 2013 жылы ол АҚШ долларына деген курсы бойынша 7,1 пайызға әлсіреді. Yстіміздегі жылы да  рубльдің әлсіреуі жалғасуда. Үшіншіден, бұл ҚР төлем балансының жағдайы. Ағымдағы операциялардың жағымды болуына қарамастан, пайдаланылатын тауарлардың импорты есебінен импорт өсуде.Төртіншіден, спекулятивті операциялардың өсуінің әсерінен ҚР  экономикасында девальвациялық куту процесі жоғарылады. Бесіншіден, болашақта инфляцияны 3-4 пайызға төмендету үшін Ұлттық Банк инфляциялық шектеуге өтуді жоспарлап отыр, ол дегеніміз – айырбас курсының қатаң қадағалауынан бас тарту.
Теңгенің айырбас курсының сыртқы бәсекеге қабілеттілігін орнына келтіру, ҚР экономикасы сыртқы сауда балансын және отандық тауарөндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қолдау – Ұлттық Банк валюталық саясатына өзгерістер енгізуді қажет етеді. 
Еліміздің Ұлттық Банкі ақпанның 11-нен бастап теңгенің бұрынғы деңгейін сақтап тұрудан, валюталық интервенциялардың көлемін азайтудан, теңгенің айырбас курсын құру процесіне араласудан бас тарту туралы шешім қабылдады.Ұлттық банк теңге курсының жаңа бағамы 185 АҚШ доллары төңірегінде болады деп есептейді.
Ұлттық Банк қазіргі валюталық операциялар режиміне ешқандай тосқауыл қоймақ емес. Биылғы жылдың 11 ақпанынан бастап Ұлттық Банк айырбас пункттеріндегі шетел валютасын теңгеге сату-сатып алу бойынша АҚШ долларына – 2 теңге; Евроға 3 теңге шегінде дәлізді белгіледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз