«ҚР СТ 989-2014 «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ШАРТТАР» ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТЫНЫҢ ЖАҢА ТАЛАПТАРЫ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ»

190

0

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, ұлттық стандартта белгіленген ҚР Мемлекеттік Елтаңбасына қойылатын талаптар міндетті болып табылады. Соңғы жылдары Қазақстанда қолданылып келе жатқан ҚР СТ 989-2008 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Пішіні, өлшемдері және техникалық талаптар» ұлттық стандарты өндірушілер тарапынан жіберілетін стандарт талаптарына сәйкессіздікке қатысты бұзушылықтарға байланысты (әртүрлі өлшемдердегі елтаңбаларды жасап шығару кезінде пропорционалды тәуелділіктің бұзылуы, түспен орындаудағы өрескел қайшылықтар және көптеген т.б.) қайта қаралды. 

2016 жылғы 1 қаңтарда ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» жаңа стандарты қолданысқа енгізілді.

ҚР СТ 989-2008 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Пішіні, өлшемдері және техникалық талаптар» ұлттық стандартының қолданылу мерзімі 2017 жылғы 1 шілдеге дейін, бұл ескі үлгідегі Мемлекеттік Елтаңбаны сатылап ауыстыруға мүмкіндік береді.
Лицензия алушы компаниялар/дайындаушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын ҚР СТ 989-2014 жаңа стандартының талаптарына сәйкес жасап шығаруға міндетті.
ҚР СТ 989-2014 жаңа стандартын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібекұлы Мәлібеков, ҚР Мәдениет министрлігінің, ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары: «ҚазСтИн» РМК, «ҚазМетрИн» РМК, «ҰАО» ЖШС өкілдері, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының атынан бизнес өкілдері, техникалық сарапшы ретінде «Мекен.kz» компаниясы құрамына кірген жұмыс тобы әзірледі. 
Жаңа стандартқа Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасап шығару бойынша мынадай өзгерістер енгізілді:
  • 7. өндірушілерден келіп түскен ұсыныстарды есепке ала отырып, Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Ж.М. Мәлібеков тарапынан, сондай-ақ конструкторлық сызбалар қайта қаралды, олардың нәтижелері бойынша:

– Мемлекеттік Елтаңбаның барлық элементтері нақтыланды;
– Мемлекеттік Елтаңбаның үш өлшемді үлгісін салу элементтері өлшемдерінің пропорционал тәуелділігін жоғалтпай, елтаңбалардың барлық ықтимал тип өлшемдерінің дәлдігі жоғары 3D баспасын жүзеге асыру үшін ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының элементтерін үлгілеуге және оның арнайы ерекше цифрлық 3D үлгісін салуға қажетті өлшемдер берілді;
– ҚР СТ 989-2008 стандартында болмаған барлық қажетті құрама элементтердің атаулары берілді.
8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының түспен орындалуына қойылатын талаптар қайта қаралды.
Түстік палитраның (PANTONE Metallic Guide – металдау түстерінің каталогы) орнына Lab халықаралық түстік жүйе бойынша түстік сипаттамалар жүйенің текстурасы мен жылтырын есепке ала отырып енгізілді, бұл алтын түсіне жақын түсті алуға қол жеткізуге мүмкіндік берді. 
Lab жүйесі барлық түстерді сипаттайды, кең көлемде түстерге ие және түсті анықтау құрылғыларымен (спектрофотометрмен) үйлеседі. 

Осы жаңалық мемлекеттік елтаңбалардың түспен орындалуын бақылауды жеңілдете алады және оны барынша жоғары деңгейде жасап шығаруға мүмкіндік береді, сондай-ақ дау туындайтын сәттердің шешілуіне ықпал ететін болады.

9. Өлшемдері мен түстерінің шақтамалары белгілі бір қателікпен енгізілді.

10. Стандартталған бақылау (сынау) әдістері енгізілді, бұл белгіленген параметрлер мен талаптар бойынша өндіріске бақылау жасауға мүмкіндік береді.
11. Мөрлердің баспа-таңбаларын дайындау үшін электронды нұсқадағы сызбалар және ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы бейнесі пайдаланылатын барлық мүмкін нұсқалар талаптарға байланысты әзірленіп, енгізілді.
12. Кем дегенде 3 жылды құрайтын кепілдік пайдалану мерзімі енгізілді, ол өндірушілерді сапалы өнім шығаруға міндеттейді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасап шығару кезінде сапалы материалды қолдануға ықпал етеді.

ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» стандартына сәйкес ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының эталоны жасап шығарылды, ол қазір ҚР СТ 989-2014 талаптарына сәйкестігіне сынау сатысынан өтуде.

Материал дайындаған: РМК «ҚазСтИн» Қызылорда филалының жетекші маманы Ибраев Т.Б

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз