ӘР ҮЙДЕ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕЙТІН ШАМДАР БОЛМАҚ

35

0

Елімізде 2012 жылы «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» заң қабылданғанын көпшілік біле бермейді. Осы заңға сәйкес өткен жылдың 1-шілдесінен бастап қуаттылығы 100 ваттан жоғары болатын энергия шамдарын шығару мен сатуға тыйым салынды. Ал 2013 жылдың 1-қаңтарынан бастап қуаттылығы 75 ватт болатын шамдарды, келер жылы қуаттылығы 25 ваттан болатын жоғары шамдарды шығаруға тиым салынады. Осыған байланысты ел тұрғындары энергия көзін үнемдейтін шамдарды жалпылай пайдалануға көшетін болады. 
Ендігі уақытта қызылордалықтар да мұндай зиянды шамдарды пайдаланбайтын болады. Өйткені, жуырда қаладағы «Эко-НСервис» ЖШС «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында мемлекеттен 6 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз грантқа қол жеткізді. Компания директоры Қайрат Нұрекешов құрамында токсин мен сынабы бар үнемдегіш электр шамдарын жинау және залалсыздандыру бойынша өз жобасын ұсынып, оған қолдау тапты. Бұл компания құрамында сынабы бар энергия үнемдегіш шамдарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу және жою саласында қызмет көрсететін болады. Мемлекеттік грантқа қол жеткізген кәсіпкер ендігі уақытта Ресейден құрамында сынап бар энергия үнемдегіш шамдарға арналған «Экотором 2У» деп аталатын арнайы құрылғы сатып алуды жоспарлап отыр. 
«ЭкоНСервис» ЖШС-нің жобасы аймақтың экология қауіпсіздігіне өз септігін тигізетіні анық. Кәсіпорын өңірдің 9 азаматын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. 
Айсәуле ҚАРАПАЕВА.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз