ӘР ЖYРЕКТЕ ЖАТТАЛҒАН ЖЫРЛАР

40

0

ӘР ЖYРЕКТЕ ЖАТТАЛҒАН ЖЫРЛАР«Болашақ» университетінің Студенттер сарайында  ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Мен өмірге ғашықпын, құшам оны» деген тақырыпта әдеби-сазды поэзия кеші болып өтті.
Кешті «Педагогика, филология және тарих» факультеті, Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы оқу тобының студенттері ұйымдастырды. Кеште «Ақынның ақындығы атақта емес, арда ғана» деген байламды берік ұстаған Мұқағалидың өлеңдері жатқа оқылып, «Қош, махаббат» пьесасы сахналанып, ақын сөзіне жазылған әндер шырқалды. Көрермендермен сұхбат жүргізіліп, ақынның шығармашылығы жайында пікірлер алысылды.
«Қош, махаббат» драмасынан сахналық көрініс тамашаланды. Қойылымға журналистика мамандығының студенттері де қатысып, өз үлестерін қосты. Сонымен бірге, кеште студенттердің ақынға арналған арнау өлеңдеріне кезек берілді.
Қатысушылардың өз ықыласы мен ақын өлеңдерін оқуы кешті көркемдеп, әрлендіріп, мазмұнын байыта түсті.
Жаны – жайсаң, жүрегі – жомарт, құшағы кең ақынның «Бүкіл менің жазғаным бір ғана поэма» деуі – шын мәніндегі парасат иесі, өмірге ойлы көзбен қарайтын жанның жан тебіренісі, әлеуметтік ортаға айтар көзқарасы бар азамат екенін дәлелдеген шығармашылығы бүгінгі таңдағы жас ұрпақты тәрбиелер басты құрал десек, болғандай. Осы тұрғыда жоспарланған іс-шараның өзіндік орны ерекше.
Балтай ЫДЫРЫСОВА,
«Болашақ» университетінің студенті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз