РЕКОРДТЫҚ ДӨҢМАҢДАЙЛАР

45

0

РЕКОРДТЫҚ  ДӨҢМАҢДАЙЛАР

«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» ком­па­ниясының басшылығы спорт­тық си­пат­­та­ғы
балық аулау сайысын ұйым­дас­тыр­ды. О­ны өткізу идеясын «ПҚҚР» АҚ-ның жұрт­шы­лықпен
байланыс жүргізу бөлімі қолға алды.

– Мұнай компанияларының арасында мұндай жарыс тек біздің компанияда ғана
қолға алынған, – дейді «ПҚҚР» АҚ жұртшылықпен бай­­ланыс жүргізу бөлімінің
менеджері Хұсайын Сәрсембаев. – Жыл
өткен сайын сайыс мұнай­шылар үшін бұрынғыдан да танымал бо­ла түсуде. Қатысушылар саны, соның ішінде – қыз­дар­дан
құралған командалардың қатары да артып келеді.

Жарыс қағидасы өте қарапайым. Құрамы үш қатысушы-балықшыдан құралған әр
команда арнайы белгіленген уақыт ішінде балықты көбірек аулауға тиіс. Қорытынды
нәтижесі жалпы салмақ бойынша бағаланады. Сонымен бірге, балықшылардың
әрқайсысына екі қармақ (спиннингтерді) пайдалануға рұқсат етіл­ген. Үстіміздегі
жылы жазғы балық аулау Әйтек су торабының жанындағы су айдынында болып өтті.
Оған қатысуға 20-ға жуық команда өтінім тапсырды.

Ауланған олжаларды салмақтау барысында жүлдегер командалар анықталып жатты.
Үшінші орын үшін берілетін жүлдені «БигФишТим» командасының балықшылары
иеленді. Олардың олжасы 3 келіні құрады. Олардан бар болғаны 150 грамм артық
салмақтағы балықты «Солтүстік Нұралы» командасынан қатысқан компания
қызметкерлері аулаған екен, жеңістің екінші тұғырына көтерілді. Ал жарыстың
жеңімпазы «Клевая команда» командасы танылды. Олардың аулаған олжасының салмағы
6 келі 670 грамм тартты.

Марапаттау рәсімін «ПҚҚР»
АҚ-ның Басқарма Төрағасы Цинь Хунвэй жүргізіп, жарыста дара шыққандарға лайықты
жүл­делерді табыс етті. Жеңімпаздардың енші­сіне – DVD-күйтабақ ойнатқыштары,
кү­міс жүлдегерлерге сандық фотоаппарат­тар бұйырса, ал үшінші орын алған балық­шыларға
шаңсорғыштар тапсырылды.

Айдос ӘБСАТ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз