«РЕСЕЙ – КОРЕЯ 2014» АВТОКЕРУЕНІ КЕЛДІ

41

0

Кәріс
ұлтының бұрынғы Кеңес Одағы аумағына көшіп келгенінің 150 жылдығын атап өтуге
бағытталған «Ресей – Корея 2014» автокеруені Қызылордада болды. Кәріс ұлтының
мәдени орталығының бірі болған мұнда кезінде кәрістердің театры, газеті,
педагогикалық институты мен мектептері жұмыс жасаған. Сондықтан да болар,
кәрістердің ең көп шоғырланған мекені саналатын Сыр елі шерудің басты
орындарының бірі болып отыр.

 

Баспасөз мәслихатын өткізген
делегация мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филалы хатшылығының меңгерушісі Ләйлә Төрешова,
Қазақстан корейлері ассоциациясының жетекшісі Елена Киммен және бірқатар
қызылордалық кәріс диаспорасымен кездесті. Жиын барысында ұлттар арасындағы
татулық, қиын-қыстау кезеңдегі қазақ халқының қолдауы, бауырға басқан
бауырмашылдығы сөз болды.

Автошерудің ендігі бағыты – кәрістер
көп шоғырланған Ресей, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан аумағын қамту.
Делегация мүшелері еліміздің аумағындағы шеруді 8-18 шілде аралығында
автокөлікпен жүріп өтеді. Мұнан соң олар Өзбекстанға бағыт алатын болады.
Қайтар уақытта Қырғызстан арқылы Алматы, Шығыс Қазақстан облыс­тарымен Ресей
аумағына қайтуды жоспарлауда.

Басқосудан кейін шерушілерге қаланың
көрікті жерлері таныстырылып, қала көшелерімен автошеру ұйымдастырылды.
Халықтың қонақжайлығына куә болған делегация мүшелері өз кезектерінде алғыс
білдіруді ұмытпады.

М.ОТАРАЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз