ӨҢІРГЕ ӨРНЕК БЕРГЕН МЕРЕКЕ

60

0

Қызылорда 
Қалада Тұңғыш Президент күні мерекесі кең көлемде мерекеленуде. Атаулы күнді және Тәуелсіздік мейрамын атап өту мақсатында 20 қарашадан бастап қалада айлық жарияланды. Мемлекеттік мерекелер аясында қала аумағында 60-қа жуық түрлі үлгідегі көпшілік іс-шаралар өткізіледі деп жоспарлануда. Негізгі шара 22 қараша күні қала жастарының форумымен басталды. 
Мереке күнінде қаладағы ірі «Ағжан», «Жайна», «Асбол», «Талғат», «Сыбаға» сауда нысандарында өнімдер (азық-түлік пен киімдер) 10 пайыздық жеңілдікпен сатылады. 
Ә.ТҰРСЫНБЕКҰЛЫ.
***
Жаңақорған
Тұңғыш Президент күні қарсаңында аудан мектеп оқушылары Жаңақорған кентіндегі «Тарихи мұражайға саяхат» атты сапар аясында мұражаймен танысуды бастады. 
***
Аудандық мәдениет үйінде жастар форумы өткзілді. Онда аудан әкімінің міндетін атқарушы С.Ыдырысов баяндама жасап, еліміздің қол жеткізген жетістіктері және жастарымыздың белсенді қимылы жөнінде тарата әңгімеледі. 
***
Аудан орталығындағы «Арман» мәдениет үйінде «Елбасы және Қазақ елі» атты ашық есік күні өткізілді. 
 
 
***
Шиелі 
Аудандық мәдениет үйінде «Тарих. Тұлға. Елбасы» атты үлкен шара өткізілді. Соңынан аудандық мәдениет қызметкерлерінің күшімен концерт берілді. 
***
«Қазатомөнеркәсібі» ҰАК-на қарасты бірнеше мекеме өкілдерінің қатысуымен Көкшоқы елді мекеніндегі мәдениет үйінде «Әлем таныған Елбасы» атты шара еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына, егемен еліміздің даму барысындағы Елбасының ерен еңбектерін паш етті. 
Нұрмахан ЕЛТАЙ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз