Құрметті өнерсүйер қауым!

39

0

Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен, облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 1 қарашасында «Арал фестивалі» мерекелік шараларын өткізуді жоспарлап отыр. «Арал фестивалі» аясында Сыр сүлейлерінің ізбасарлары жырдан шашу шашса, арқалы ақындарымыз айтыс көрігін қыздырып, жазба ақындар Аралдың бүгінгі кескін-келбетін сұлу сөздермен өрнектемек.
Арал жұртшылығы мерекелік шараның қорытындысында облыстық филармония өнерпаздары мен Қазақстан өнер жұлдыздарының гала-концертін тамашалай алады.
Бағдарламада:
Сағат 11.00 – «Аралым – айдын шалқарым!» облыстық жыршы-термешілер фестивалі
Өтетін орны: Нұртуған атындағы «Жыраулар үйі»
Сағат 14.00 – «Арманы асқақ – Аралым!» облыстық ақындар айтысы мен жыр мүшәйрасы
Өтетін орны: З.Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйі
Сағат 19.00 – «Кемелі ақын, келешегі жарқын – Аралым!» гала-концерті
Өтетін орны: аудандық мәдениет үйі.
Мерекелік шараларды тамашалауға асығыңыздар, өнер жанашырлары!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз