ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ – ДӘУІРЛЕР ЖАЛҒАСТЫҒЫ

181

0

Жуырда М. Мәметова атындағы гуманитарлық
колледждің мәжіліс залында «Ұрпақтан – ұрпаққа” қоғамдық бірлестігінің ұйытқы
болуымен «Ұрпақтар сабақтастығы – дәуірлер жалғастығы” атты тақырыпта
патриоттық форум болып өтті. Оған аталмыш бірлестік мүшелері, қала мен аудандардан келген қоғамдық ұйымдардың
өкілдері және ардагерлер кеңесінің мүшелері мен студенттер қатысты.

Форумда «Сенім көпірі” акциясы арқылы жинақталған ардагерлер өмірі
жайлы құнды құжаттар жастар назарына ұсынылды. Қоғамдық бірлестік төрайымы
Алмагүл Божанова атқарып келе жатқан шаруаларымен алдағы іс-жоспарлары жөнінде
кеңінен әңгімеледі.

Сонымен қатар шара барысында форумға
қатысушы жастарға арнап аға ұрпақ аманаты жеткізілді. Бірлестіктің жанынан
құрылған еріктілер тобының өкілдері өздерінің тұрғылықты жеріне байланысты
сондағы белгілі адамдар жайында құнды мәліметтер жинап, жиын барысында бірқатар
студенттер олардың өмірі мен қызметі жайында баяндама жасады.

Сондай-ақ, ардагерлер сөз алып, өздерінің
жүріп өткен жолдарын жастарға үлгі ете отырып, оларды еңбекке шақырды, шара
соңы концерттік бағдарламаға ұласып, марапаттау рәсімі жасалды.

 

Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз