РУХАНИ САБАҚТАСТЫҚ САЛТАНАТЫ

51

0

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Астанада Қызылорда облысының мәдениеті мен өнер күндерін өткізуге үлес қосқан өнерпаздардың бір топ өкілін қабылдады. Кездесуде аймақ басшысы Арқа төріндегі облыс күндерінің жоғары деңгейде өткенін, Сыр елінен барған өнерпаздардың астаналықтардың зор ықыласына бөленгенін айрықша атап өтті. Ол Үкімет басшысының, Астана қаласы әкімінің, сала министрінің арнайы хабарласып, рахмет айтып жатқандарын жеткізді.

– «Сыр елі – жыр елі” екенін кезекті рет дәлелдедіңіздер. Астана мен Қызылорда қаласының рухани сабақтастығы көне дәуірлерден бастау алады. Ал өткен ғасырда Қызылорда қаласында Қазақ театры шаңырақ көтерді. Бірақ өткенмен қалып қоюға болмайды, Сыр елінің өнер саласындағы көне дәстүрлерін жалғастыра отырып, жаңа ғасырда жаңа идеялар, тенденцияларға жол салынуы тиіс, – деді осы орайда Қырымбек Елеуұлы. Ол облыс­та
рухани салаға қолдау жасала беретініне назар аударды. Биылғы жылы камералық
оркестр құрылды, келесі жылы классикалық үлгідегі жаңа Қазақ драма театрының
құрылысы басталады. Онда актерларға барлық жағдай жасалатын болады. Сол секілді
жаңадан бой көтеретін «Достық үйін де” өнерпаздар кеңінен пайдаланады.
А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі мен облыстық мұражай ғимараттарына
күрделі жөндеу жұмыстары жасалады.

Аймақ басшысы өнер саласына қанат қаққандар да назардан тыс қалмайтынын
жеткізді. Облыс әкімі бөліп отырған оқу гранттары тек өндіріс және
ауылшаруашылық саласымен шектеліп қалмайтынын айтты. Аймақтың елді
мекендеріндегі дарынды жастарымызға қолдау көрсетіліп, кәусар бұлақтарымыздың
көзін ашуға жұмыс істейміз деді.

Мұнан соң облыс басшысы Астанада облыс күндерін өткізуге лайықты үлес
қосқан өнерпаздарды алғыс хатпен марапаттап, оларға табыс тіледі.

Ы.ТӘЖІҰЛЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз