САЛЫҚТАН ЖАЛТАРҒАНЫ НЕ ҚЫЛҒАНЫ?..

41

0

Айтулы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомагистралінің құрылысына қатысушы және бір тұлға мемлекет бюджетіне төлеуі тиіс салықтан жалтарып, жазықты болды.
Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің жоспарлы тексеруінде жол және көпір  құрылысымен айналысатын «EVRАSCON» ААҚ филиалының 2008-2013 жылдар аралығындағы қызметінен заңсыздық әрекеттерді анықтады. Нақтырақ айтқанда,  аталған компания ҚР Кеден кодексі 43- тарауының талаптарын бұзып, уақытша әкелінген арнайы техникалар мен көлік құралдарын үшінші тұлғаға жалға берген. Сөйтіп, 25 дана техника үшін, өсімпұлымен, 59 миллионның үстінде  кедендік баж, 19 миллионнан астам қосымша құн салығы, 5972 теңге кеден алымы барлығы 78 млн. 837 мың  теңге бюджетке берешек болып шыққан. 
Кеденшілер компанияға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы 1- бөлігімен қылмыстық іс қозғады.         
Б.ОРДАНОВА,
баспасөз қызметінің бас маманы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз