САРБАЗДАР САПҚА ТҰРДЫ

42

0

Өткен аптаның жұмасында Қызылорда қаласында 18 жасқа толған азаматтарды әскери қызметке аттандыру рәсімі өткізілді. Бұл шараға құзырлы мекеме басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері және ата-аналар қатысты.

Салтанатты рәсім барысында облыс әкімі аппаратының жұмылдыру жұмыстары және дағдарыс жағдайындағы шұғыл талдау орталығының басшысы Жасұлан Шынтасов, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Арғын Садықов, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының өкілі Тұрар Сыздықов, «Ауған және жергілікті соғыс ардагерлері кеңесінің» төрағасы Қайраддин Баймаханов өз тілектестігін білдірді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің біздің облысымызға белгілеген Қарулы күштер қатарына азаматтарды әскери қызметке шақыру тапсырмасы өз деңгейінде орындалуда. Сыр өңірінен көктем мезгілінде міндетті әскери борышын өтеуге 512 адам аттанады деп жоспарланған. Осыған орай облыс әкімі аппараты жұмылдыру жұмыстары және дағдарыс жағдайындағы шұғыл талдау орталығының іс-шара жоспары бекітілген. Бүгінгі күнге дейін 187 жас азамат әскери борышын өтеуге аттанып кетті. Олар Қазақстан Республикасының Ұланына, Алматы қаласындағы әскери бөлімдерге, Төтенше жағдайлар министрлігінің және Жамбыл облысындағы әскери бөлімдеріне жөнелтілді.

 

Әділжан ТҰРСЫНБЕКҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз