САТЫП АЛУ АКТІСІН РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ

71

0

Шаруашылық қажеттілікке заңды тұлғалар мен кәсіпкерлер сауда орындарынан алуан түрлі құрылғылар мен құрал жабдықтар, қосалқы бөлшектерді және басқа да қызметке қажетті заттарды сатып алып жатады. Аталынған тауарларды сатып алу барысында субъектілерге бухгалтерлік есеп құжаттарын немесе сатып алу актісін рәсімдеу қажеттілігі туындайды. Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес сатып алу актісін сауда үйлері мен базарлардың әкімшілігі рәсімдейді.

Сауда үйлері мен базарларда кәсіпкерлік қызмет көрсетуші тұлғалардың тауарларды сатып алушы субъектілермен есеп құжаттық қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексімен және басқа да заңнамалық актілермен реттеледі.

Қазақстан Республикасы аумағында қызметтерін атқарушы заңды тұлғаларымен дара кәсіпкерлер өз қызметтерін атқару барысындаҚазақстан Республикасының салық Кодексі, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актілерін басшылыққа ала отырып жүзеге асырады.

Салық кодексінің 56-шы бабына сәйкес салықтық есепке алу – салық салу объектілері және салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қорыту және жүйелеу, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және салық есептілігін жасау мақсатында салық төлеушінің есепке алу құжаттамасын жүргізу процесі болып табылады. Бұл ретте салықтық есепке алу бухгалтерлік есепке алу деректеріне негізделеді. Бухгалтерлік құжаттаманы жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген.

Қазақстан Республикасының 27.02.2007 жылғы №234 «Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» заңының 6-1 бабының 2 тармағына сәйкес бухгалтерлiк жазбалар бастапқы құжаттар негiзiнде жүргізiлуге тиiс. Бастапқы құжаттар – операциялардың жасалуын немесе оқиғалар фактiсiн тiркейтiн құжат.

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер уәкілетті орган бекіткен қағидаларға салық Кодекстің 7-1-тарауына сәйкес салықтық есепке алуды ұйымдастырады және жүргізеді.

Ж.
БАБАСОВ,

Қызылорда
қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз