Саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер және жоғары тұрған сайлау комиссиясы назарына

89

0

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты облыстық сайлау комиссиясының құрамынан шығып қалған 1 мүшенің орнына сайлау өтетіндігін хабарлайды.

Жоғарыда аталған Конституциялық Заңның талаптарына сәйкес әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Облыстық сайлау комиссиясының құрамында «Нұр Отан» партиясы, Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясы, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы, «Бірлік» саяси партиясы, «Қазақстан коммунистік халық партиясы», «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» Қауымдастығынан мүшелер болғандықтан, олардан басқа саяси партиялардан немесе өзге де қоғамдық бірлестіктерден және жоғары тұрған сайлау комиссиясынан ұсыныстар 2017 жылғы 30 қазан – 2017 жылғы 30 қараша (сағат 19-ға дейін) аралығында қабылданады. Белгіленген мерзімнен кейін түскен құжаттар қаралмайды.

Ұсыныста үміткердің тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, күні, айы, ұлты (үміткердің келісімімен), білімі, мамандығы, қызмет орны, атқаратын қызметі, қызметтік және пәтерінің телефон нөмірлері көрсетіліп, саяси партия немесе қоғамдық бірлестік, жоғары тұрған сайлау комиссиясы басшысының қолы қойылған болуы керек.

Жоғарыдағы мәліметтерге қоса мына құжаттар тапсырылуы тиіс:

– саяси партия немесе өзге де қоғамдық бірлестіктің сондай-ақ жоғары тұрған сайлау комиссиясының облыстық сайлау комиссиясы мен облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамына ұсынылатын үміткерлер жөніндегі хаттамасынан үзінді;

– саяси партия немесе қоғамдық бірлестіктің әділет органдарында тіркеуден өткендігі жайлы құжатының көшірмесі;

– әрбір үміткерге белгіленген үлгідегі жеке іс парағы, жеке куәлігінің көшірмесі;

– облыстық мәслихат хатшысының атына сайлау комиссиясында жұмыс атқаруға келісімі туралы үміткердің жеке өтініші.

Қызылорда облыстық мәслихаты аппаратының мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 1.

Құжаттарды жинақтауға жауапты:

Е.Махамбетов, бас инспектор-заңгер

Тел: 8/7242/605401.

 

Қызылорда облыстық мәслихаты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз