Үстіміздегі жылы елдің
игілігіне айналған «Жезқазған-Сексеуіл” теміржолы жол бойындағы елді
мекендердің дамуына оң әсерін тигізеді деп жоспарланған. Күре жолдың бойында
қаншама қоныстар пайда болмақ. Сондай-ақ, бұрынғы стансалардың жандануына ықпал
жасалады.
Арал ауданындағы Сексеуіл елді мекені аталмыш теміржол
бойындағы іргелі стансаның бірі саналады. Бұдан бұрын айтылғанындай, онда 2
үйлік 64 пәтер салынады деп ойластырылған. Жақында сол баспаналардың алғашқы
бөлігі пайдалануға берілді. Жаңадан бой көтерген 2 пәтерлі 8 қызметтік тұрғын
үй кілті темір жол саласы қызметкерлеріне табысталды.
Жаңа қонысқа ие болған қызметкерлерді Қазақстан темір
жолы Қызылорда темір жол бөлімшесінің басшысы А.Арысбаев, СК Базис компаниясы
№2 филиал директоры М.Көпешов және аудан әкімінің орынбасары Қ.Жанұзақов
құттықтады. Тұрғын үй салу жұмысы мұнымен тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта
жаңару мен жаңғырту жұмыстары қарқынды түрде жалғасады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!