СЕРІКТЕСТІКТІҢ СЕНІМДІ ҚАДАМЫ

58

0

Биылғы көктемнің жаймашуақ күндерін ұтымды пайдалануға
тырысқан Сырдария ауданының диқандары ерте бастан дала қосына шықты. Әсіресе
бұл істе ауданның «Шаған Жер” серіктестігін ерекше бөле-жара айтуға тұрарлық.
 
Негізі  серіктестік биыл 5133 гектар ауыл
шаруашылығы дақыл­дарын егуді межелеп отыр. Осы егілетін егістің 3075 гектарын
күріш, 90 гектарын жаздық бидай, 161 гектарын мақсары, 323 гектарын жаңа
жоңышқа, 1471 гектарын ескі жоңышқа және 10 гектарын картоп дақылы құрайды.
Серіктестік кешегі сәуір айының оныншы жұлдызына дейін осы егілетін дақылдардың
тұқымдарын толықтай себу дәрежесіне жеткізіп, дайындап қойған. Әрі егіске
қажетті минералды тыңайтқыштар да толықтай алынып, техникалар да сапқа қойылған.
Серіктестік
бүгінгі күнге дейін өзі межелеген 90 гектар жаздық бидай мен 323 гектар жаңа
жоңышқаны және 161 гектар
мақсарыны толықтай егіп болды. Мұнан бөлек ол 1474 гектар ескі
жоңышқаны толық агротехникалық талаптарға сай тырмалап, күтімге алды. Осылайша
көктемнің әрбір күні жылға азық екенін жақсы сезіне білген серіктестік
диқандары күнделікті тірлікке қарқын қоса түсуде.
 Айғали
ҚАРАБАЛАЕВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз