ШАХМАТТАН ҚАЛААРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

46

0

ШАХМАТТАН ҚАЛААРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Қалалық интеллектуалды ойындар клубында «Жігер» облыстық спортшы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шахмат турнирін өткізді. «Тірек-қимыл аппараттары зақымдалған мүгедектер арасында спорттық турнирлер ұйымдастыру» атты әлеуметтік жоба негізінде ұйымдастырылған турнирді облыс әкімдігі, Азаматтық альянс қауымдастығы және «Игілік» корпоративтік қоры арасында жасалған меморандум аясында қаржыландырылды.

Турнирдің мақсаты, мүгедек жандарды дене шынықтыру арқылы оңалту, аймақта жүргізіп жатқан әлеуметтік-құқықтық іс-шаралармен таныстыру және спорт арқылы өмірдегі орнын табуға, қоғамның белсенді мүшесіне айналуға жәрдемдесу.

Шахмат турнирі осымен алтыншы жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Биылғы дәстүрлі жарысқа ОҚО Арыс қаласынан және облыстан барлығы 26 мүмкіндігі шектеулі жан қатысты. Екі күнге созылған додада бірінші орынды Б.Құдайберген (Арыс қаласы), екінші орынды А.Жигалов (Арыс) және үшінші орынды В.Цай (Қызылорда қаласы) иеленді.

 

Нұрбек Сағатұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз