ШАЛҒАЙ АУЫЛДАҒЫ ШАТТЫҚ

40

0

Аудандағы
бірнеше ауыл­да жаңа емханалардың ашылу
салтанаты болды. Соның бірі Ғани Мұратбаев елді мекенінде болып өтті.

Типтік жобадағы дәрігерлік
амбулаторияның сметалық құны 84,5 млн. теңгені құрайды. Құры­лыс-монтаж жұмыстарының
бас мердігері «Болашақ» ЖШС. Көрік­ті ғимаратта жақсы жабдықталған емдеу
бөлмелері бар. Әрбір жұмыс күнінде он бес адамға дейін қабылдайды. Күндізгі
емдеу бөлімі он адамға арналған.

Жиында сөз алған аудан әкімі Бақыт
Жаханов тұрғындарды жаңа ғимараттың ашылу салтанатымен құттықтап, емхана
ұжымына табыс тіледі. Келесі кезекте Қазалы ауданының құрметті азаматы, еңбек
ардагері Шалқыма Молдабаев өз ауылдастары атынаел басшыларына ризашылығын жеткізді. Ақ жаулықты әжелер ұлттық дәстүрмен
шашу шашып, лента қию рәсімі жасалды.

Округ әкімі Берік Бисенбаевтың айтуынша,
елді мекенде көптеген мәселелер шешілген. «Рза-Агро» ЖШС ауылдың басты
инвесторы саналады. Соның нәтижесінде елді мекенде бірде-бір жұмыссыз адам жоқ.

Ж.АЙДАРБЕКҰЛЫ.

Мұратбаев ауылы,

Қазалы ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз