ШЕБЕРЛЕР ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

44

0

Өткен жұмада Тасбөгет кентін­де облыс әкімдігі мен «Азаматтық Альянс» қауымдастығы және «Игілік» корпоративтік қорының қолдауымен «Қарлығаш» шеберлер орталығы ашылды. Орталықтың ашылу шарасына облыс әкімінің орынбасары Ғ.Әмреев қатысты.

Ұлттық өнерді дамыту мақсатында ашылып отырған орталықтың маңыздылығына тоқталған Ғ.Әмреев «Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясында мәдени мұра бағдарламасы аясында халықтың мәдени құндылықтары мен дәстүрді дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатқанын атап өтті. Шындығында, көненің көзі болып есептелетін қолөнерді қайта жаңғыртып, келер ұрпаққа мұра етіп қалдыру бүгінгінің міндеті. Бұл орайда облыс басшылығы ұлттық өнердің өрісін кеңейтемін деушілерге әрдайым қолдау көрсетіп келеді. Соның бірі, бүгінгі шеберлер орталығының ашылуы болып отыр. Мұндай қолдаулар болашақта жалғасын таба беретін болады” – деді.

Мұнан кейін сөз алған «Қарлығаш» шеберханасының төрайымы ата дәстүрді жаңғыртып, атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлттық шеберлерді дайындауға бар күштерін салатынын жеткізді.

Шарада шеберлер қолынан шыққан ұлттық киімдер мен қыз­дың жасауы, қазақы ою-өрнекпен өрнектелген көрпе-төсектер келу­шілер назарына ұсынылды.

 

Жарасхан Өтебалиев,

Қорқыт ата атындағы

ҚМУ студенті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз