ШЕКАРАШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

36

0

Қазалы ауданының әкімі Бақыт Жаханов Өзбекстан мемлекетімен шекаралас жатқан Жанқожа батыр бейітіне арнайы барып, тағзым етті. Баба рухына құран бағышталып, мал шалынды.

Бұдан соң Бақыт Дүйсенұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің құрылғанына 22 жыл және Қызылқұм беткейіндегі №2019 «Қызылқұм» заставасының құрылғанына 15 жыл толуына орай шекарашыларды құттықтап, еліміздің тыныштығын қас қақпай күзеткен еңбектері үшін алғысын білдірді.

«Қызылқұм» заставасының қатардағы жауынгері Жанарбек Бауыржанов пен Бауыржан Ыдырысов және келісім-шарт қызметкері Азамат Елікбаев аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар шекарашыларға бағалы сыйлықтар табысталып, естелік суретке түсті. Одан әрі заставаның тыныс-тіршілігімен танысты.

Бақтыбай СМАЙЫЛҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз