ШЕКТЕН ШЫҚҚАН АЙУАНДЫҚ

37

0

Биылғы қаңтар айының 26-шы жұлдызында із-түзсіз жоғалып кеткен полиция қызметкері туыстарының арызына байланысты облыстық ішкі істер департаментінің тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 96-бабы бірінші бөлігімен қылмыстық іс қозғаған болатын.
Департамент баспасөз қызметінің хабарлағанындай, алдын ала тергеу барысында 28 қаңтар күні аталған қылмыстық іске қатысты күдікті азамат анықталған. Оның бұрын ішкі істер органдарында қызмет атқарғаны белгілі болды.
Ішкі істер органы жауапты қызметкерлерінен құрылған жедел тергеу тобы атқарған жұмыстар нәтижесінде және күдіктінің көрсетуі бойынша наурыз айының алғашқы күнінде жоғалған азаматтың денесі Қызылорда қаласының шет аймағынан қазылып алыныпты. Мәйіт туысқандарымен толық танылып, расталған.
Қазіргі таңда тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу амалдарын ішкі істер департаменті облыстық прокуратурамен бірлесе жүргізуде.
Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз