ШЕНЕУНІК ЖӘНЕ КӘСІПКЕР

51

0

ШЕНЕУНІК ЖӘНЕ КӘСІПКЕРҚандай
қоғамда да кәсіп жасаудың жөні бөлек. Сала ардаргерлерінен «Кооперация –
тиын табу ғана емес, үлкен өнер. Тұтынушының талғамынан шығу білік-парасатты
қажет етеді» дегенді жиі естисіз. Ал,
қазіргі таңдағы кәсіпкерлік жайы ерекше қарқынмен дамуда. Елді мекендердегі
дүкен сөрелеріндегі заттың құны аудан орталығымен тең болатыны соны аңғартады.
Мемлекет тарапынан жасалған қолдауды жете сезінген дала перзенттері шағын және
орта кәсіпкерлікті меңгеруге батылдық танытуда. Әрі нәтижесіз емес. Жыл басынан
бері есепке алынған шағын кәсіпкерлік субъектілері өткен кезеңмен салыстырғанда
біршама өскен. Аудан бюджетіне шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен
қомақты салық түсті. Сондай-ақ, бөлшек сауда қызметі бойынша тауар айналымының
көлемі де артып отыр. Өнеркәсіп өндірісінде де ілгерлеушілік байқалады.

Үдемелі индустриялық-инновациялық
даму бағдарламасымен жоспарланған жобалардың 4-і аймақтың үйлестіру кеңесінде
мақұлданды. Олардың қатарына «Сыр маржаны» ЖШС-ның «500 басқа арналған мал
бордақылау» кешенін салу, жеке кәсіпкер Мәмбетжановтың темір-бетон бұйымдарын
шығару, Рахметовтің құрылыс және жиһаз бұйымдарын дайындау цехын іске асыру,
Абдрасулованың алкогольсіз сусындар әзірлеу тәрізді жобалары жатады.

ШЕНЕУНІК ЖӘНЕ КӘСІПКЕРБекарыстан би ауылында өткізілген
акция «Шенеунік және кәсіпкер» деп аталды. Оған көршілес елді мекендердің
тұрғындары, округ әкімдері, ішкі істер, төтенше жағдайлар бөлімі, салық басқармасы
өкілдері, кәсіпкерлер қатысты. Мәжілісті кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм
бөлімінің басшысы Әліби Әбиев жүргізіп отырды.

Өзінің хабарламасында аудан прокуроры
Ғалым Едігеев Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың кәсіпкерлікті қолдау мен
қорғауға айрықша мән беріп отырғанына, осы бағыттағы мемлекеттік саясатты іске
асыруға кең көлемді іс-шаралар тұрақты түрде атқарылып келе жатқанына тоқталды.
Прокуратура органдары тарапынан күнделікті кәсіпкерлерге жеке қабылдау жүргізу,
өтініштерін қарау, олардың қызметіне қатысты қолданыстағы заңнамаларды
зерделеп, тиісті шаралар қолданылатынына, шараның негізгі мақсаты кәсіпкерлерге
қатысты туындаған өзекті мәселелерді оңтайлы шешу, заң бұзушылықтың алдын алу,
жолын кесу екендігін айтты.

Жиын барысында еліміз бойынша жаңадан
құрылып жатқан Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, міндеттері мен атқаратын жұмыстары
туралы облыстық кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Ермек
Аймаханов жиналғандарға ақпарат берсе, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының
менеджері Ғалым Ақманбетов, тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының басшысы
Гүлсім Имандосова, Бекарыс­тан би ауылының әкімі Өміртай Өтеп-Әлі, кәсіпкер
Анаркүл Есіркепова және басқалары ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.

Қазалы ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз