ШИЕЛІ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

68

0

БОТАБАЙДА 32 ҒАЛАМТОР НҮКТЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Ботабай ауылында 10 жылдан бері тұрғындар телефонмен басқа қалалар былай тұрсын, аудан орталығының өзімен қалааралық байланыс арқылы сөйлесетін. Бұл қашанда ауыл азаматтарына қиындық тудырып келді. Себебі, байланыс жүйесі әлсіз, оның үстіне елді мекеннің қашықтығы тағы бар. Ал, бүгінде аудан әкімдігінің ықпалымен ауылға байланыс бағаны қойылды. Орнатылған жүйенің нәтижесінде ауыл тұрғындары аудан орталығына тікелей байланысқа шығуға қол жеткізді. Одан өзге, ғаламтор жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие. Ботабайда қазір 32 ғаламтор нүктесі іске қосылып, телефон жүйесі 100 пайызға қамтылды.
ИМАНДЫЛЫҚ ҮЙІНЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
Ортақшыл ауылындағы «Шашты ата» мешітіне жылу жүйесі жүргізілуде. Қазірде Астана қаласында тұратын осы ауылдың тумасы, кәсіпкер Болат Пірімбетовтің демеушілігімен мешітке 800 мың теңгеге жылу батареялары мен қазандығы алынып, орнатылуда. Одан өзге, жылу жүйесіне қарапайым су емес, қатпайтын арнайы сұйықтық құйылатын болады. Сонымен қатар, кәсіпкер ауыл имамына тұрақты негізде жалақы төлеп отыруды өз қаражаты арқылы шешуге бекініп отыр. 
Нұрмахан  ЕЛТАЙ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз